- Басты
- Жаңалықтар
- Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы – келер ұрпақ үшін дұрыс бағдар
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы – келер ұрпақ үшін дұрыс бағдар
Ұлт көшбасшысы сөйлеген сөзінде атап өткендей, 15 жыл бұрын жарияланған «2030 Даму стратегиясында» белгіленген көп міндеттер мерзімінен бұрын орындалып қойды.
Жаңа саяси бағыт Қазақстан Президентінің болашаққа бағдар жасайтын кемеңгер стратег, үздік мемлекеттік қайраткер екенінің тағы бір дәлелі болды. Жолдауда қазіргі заманғы жылдам өзгеріп отыратын жаһандық сын-қатерге жан-жақты талдау жасалған. Мемлекет басшысы оларды 10 тармаққа бөліп қарастырған. Бұл – процестің жеделдеуі, демографиялық өсу, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік, ауыз су тапшылығы, табиғи ресурстар қорының сарқылуы, үшінші индустриялдық төңкеріс, әлеуметтік тұрақсыздық, өркениет құндылықтарының дағдарысы, әлемдік жаңа тұрақсыздық қаупі.
Президент осылардың барлығына мән бере отырып, қазақстандық мемлекеттілікті, демократия мен ұлт бірлігін одан әрі нығайту қажеттілігін атап өтеді. Ол Парламенттің өкілеті мен рөлін күшейту, ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту, сот билігінің беделін арттыру сынды мәселелерге ерекше мән берді. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысын нығайту және жетілдіру де маңызды боп табылады.
Жергілікті әкімдердің сайлануын енгізу, орталық пен өңір арасындағы өкілеттіктерді шектеу бойынша бастамаларға да ереке мән беру керек.
Күшті экономика мен адамның бәсекеге қабілетті әлеуеті мемлекеттік дамудағы ауқымды міндеттерді жүзеге асыруда негізгі рөл атқарады. Президент келешектегі индустрияландыру, «жасыл» экономиканы дамыту, АӨК, кәсіпкерлік, сапалы білім және денсаулық сақтау мәселелерін тектен-текке айтқан жоқ. Осы мәселелердің шешім табуына көп жағдайда Астанада «ЭКСПО – 2017» мамандандырылған көрменің өтуі ықпал ететін болады.
Мемлекет басшысы ұлттық мүдделердің негізіндегі сыртқы саясаттың дәйектілігі мен болжамдылығын атап көрсетті. Біздің еліміз КО мен БЭК аясындағы ықпалдастықты жетілдіре бермек, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтық құрылуына ықпал етеді.
Өзіміз көріп отырғандай, жаңа саяси бағыт, қол жеткен өзгерістердің қисынды жалғасы болып, қазақстандық мемлекеттіліктің дамуы мен нығаюының жаңа кезңі мен мүмкіндіктерін айқындайды.
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат МӘМИ.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады