- Басты
- Жаңалықтар
- Соғыстағы Жеңістің арқасында тәуелсіз Қазақстанда тұрып жатырмыз -тыл ардагері
Соғыстағы Жеңістің арқасында тәуелсіз Қазақстанда тұрып жатырмыз -тыл ардагері
«Мен биология ғылымдарының кандидатымын, доцент, .С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университеттің құрметті профессорымын, тыл ардагерімін, еңбек ардагерімін, Қазақстан журналистері одағының мүшесімін. Көптеген мерейлі мерекелер бар, алайда Жеңіс күнін ешқандай мейраммен салыстыра алмаймын. Ол ерекше күн. Жеңістің арқасында тәуелсіз Қазақстанда тұрып жатырмыз. Мен өазір 81 жастамын, өміріме ризамын. 1941 жылы 8 жаста едім. Анамызды жұмысұа алып кетті, қамқор болатын ешкім болмады. Үш ағайынды болатынмын, екеуі суықтан көз жұмды, мен жалғыз қалды», - деп әңгімеледі Б. Шахманов.
Оның айтуынша, көршісі мен әкесін соғыса алып кеткен.
«Көршінің үйіне оралуынан кейін ол менің әкемнің өмірін сақтап қалу мүмкін болмағандығын айтты. Немістер баса бастады. 1947 жылы ол тірі деген ақпарат болды. Оған дейін іс-түссіз жоғалғандар қатарында еді. Жаралы кезінде –есін жоғалтқан. Немістер оны тауып алып, ота жаса Германиядағы концлагерге жібереді. Әрі Италиядағ лагерге жөнелтіледі. Ол сонда соғыс аяқталғанша дейін болады. Тұтқындармен алмасу кезінде әкем Кеңес одағының Ростов қаласына түсіп, оны құқыққорғау органдары тексеріп ақтап алады», - деді тыл ардагері.
Бостан Шахманов атап өткендей, олардың тағдырлары бөлінген. Бізде әр түрлі отбасы болды. Аналарымыз соғыс кезінде қайта күйеуге шығуға мәжбүр болды. Әкемізде де отбасы пайда болды», - деді ол.
«Мектептен соң мен Алматы зооветеринарлық институтына оқуға түстім. Бітірген соң совхоздың бас дәрігері болдым. Кәсіби жолымды шыңдап, кандидат болып С.Сейфуллин атындағы аротехникалық университетке шақырылдым, онда 15 жыл қызмет еттім», - деді ол.
Қазір тыл ардагері соғыс туралы 10 кітап шығарды. Жұбайымен Астанада ұрады, 4 баласы, 9 немересі, 8 шөбересі бар. Үлкен немересі 30-да, кішісі – 9-да.
Ботагөз Айтжанова
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма