- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Нарындық партизан» атты кітаптың таныстырылымы өтті (ФОТО)
Астанада Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Нарындық партизан» атты кітаптың таныстырылымы өтті (ФОТО)
Кітапта автор Беларусь жерінде неміс-фашист басқыншыларымен шайқасқан майдангер-партизан Рахметолла Егізбаевтың ерлік жолдары туралы баяндайды. Бұл батыр ердің бейбіт өмірі мен оның туыстары, достары мен әріптестері туралы әңгіме.
«Оның ұлы Серік Рахметоллаұлы әкесінің жауынгер-партизан болғандығын айтып берді. Осыдан кейін мен кітап жазу қажет деп шештім. Әдетте соғыста болған аға буын ол туралы ашылып айта бермейді, олар көкірек қағып, батырлықтарын бәлсінбейді, өйткені олар өздерінің патриоттық парыздарын орындады. Рахметолла Егізбаев та солай. Ол 1939 жылы әскер қатарына Могилевск облысына шақырылып, 1941 жылы сол жерде соғысты қарсы алды. Бұдан соң ол партизандық қозғалыстарға қатысқан»,-дейді кітаптың авторы Б.Мұхамбеталиев.
Кітап екі бөлімнен тұрады: «Мәліметтер тізбесі» мен «Ұмытылмас естеліктер». Бірінші бөлімде шығарма кейіпкерінің не өзі не замандастары жоқ болғандықтан автордың Беларусь мемлекетінің Ұлттық мұрағатынан жинаған партизандық қозғалыстары туралы айтылады. Р.Егізбаевтың құжаттарымен қатар кітапта біздің жерлестеріміз болған «Чекист» отрядының қозғалыстары туралы материалдар бар. Екінші бөлімде Р.Егізбаев туралы естеліктер, оның соғыстан кейінгі өмірі мен оның елге оралған, яғни 1947 жылдардан бергі өмірі баяндалады.
«Осы кітапты шығару үшін мен Беларуссияға барып, мұрағаттарда отырдым. Нәтижесінде міне, осындай кітап шықты. Оны жазу үшін 4 ай уақыт кетті. Кітаптың ерекшелігі – онда бір ғана адамның өмірі арқылы соғыс уақытындағы өмір мен тылдағы жағдай туралы жан-жақты баяндалады»,-дейді Баян Мұхамбеталиев.
Ескерте кетейік, кітап қазақ және орыс тілдерінде шықты. Оның қазақ тіліне аудармасын жазушы-публицист Маймұрат Тынымбаев жасаған.
Анар Тәңірқұлова
Фото Азамат Алиев
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші