Астанада қаржы орталығы ашылуы мүмкін

5 Мамыр, 2015 17:47
Астанада қаржы орталығы ашылуы мүмкін, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өтекен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Біз Қазақстанның деңгейін қаржы саласында үздік дәрежеге жеткізу туралы көп айтамыз. Қазір мүмкіндіктер туып жатыр, Астанада қаржы орталығын құру да ықтимал. Үлкен қызығушылық бар.  Біз ЭКСПО-2017 салудамыз. Көрме аяқталған соң барлық мекемелер орталыққа сәйкес келеді. Орталықтың жеке заңнамасы ағылшын тілінде қалуы тиіс», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар