- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты субсидиялау туралы заң жобасын қарады
Сенаторлар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты субсидиялау туралы заң жобасын қарады
Құжат сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау салаларын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қаржылық қолдау мақсатында әзірленген болатын.
Жобамен бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.
Су кодексіне құқықтық қатынастарды реттейтін жаңа ұғымдар енгізіледі және сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ұйымдастыру мәселелері регламенттеледі, сонымен қатар елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін және (немесе) олардың құрамдас элементтерін иесіз деп танудың, сондай-ақ оларды есепке алудың тәртібі бекітіледі.
Сонымен қатар су тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құқықтары мен міндеттері нақтыланды, сондай-ақ сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.
Заң жобасымен сумен жабдықтаудың барлық кезеңдерінде – ауызсумен жабдықтау көздерін таңдаудан бастап су тұтынушыларға жеткізгенге дейінгі кезеңдерде ауызсудың сапасына қойылатын талаптар регламенттеліп, суды есепке алудың жалпы ережелері айқындалды.
Жер кодексіне объектілер салу үшін жер учаскесін таңдау актісін ресімдеу кезінде бұрыннан бар инженерлік коммуникацияларды берілетін жер учаскесінің шекарасынан тыс жерге ауыстыру жөніндегі нормалар енгізіледі.
Заң жобасымен Экологиялық кодекстің 225-бабына елді мекендерді сумен жабдықтауды және су бұруды жүзеге асырған кезде қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттеу бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Сонымен қатар жобамен «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына нақтылаушы нормалар енгізіледі.
Бюджет кодексіне ұзақ мерзімді және жеңілдікті бюджеттік кредиттеу, сондай-ақ сумен жабдықтау мен су бұрудың және жылумен жабдықтаудың дамуын экономикалық ынталандыру ретінде субсидиялауды жүзеге асыру түріндегі мемлекеттік қолдау нысандарын көздейтін нормалар енгізіледі.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы