• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысы: Қазақстанда салық жинау механизмдері түбегейлі өзгереді

Мемлекет басшысы: Қазақстанда салық жинау механизмдері түбегейлі өзгереді

5 Мамыр, 2015 17:29
Салықтарды жинау механизмдері түбегейлі өзгереді. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

«Салықтарды жинау механизмдері түбегейлі өзгереді. Күрделі әрі түсініксіз қосылған құн салығын қоса алғанда сатылымға салық енгізу мәселесін тыңғылықты зерделеу қажет. Бүгінде бізде ҚҚС-ны қайтару бойынша  бизнес пайда болып отыр. Біз барлық процедураны айтарлықтай жеңілдетеміз», - деді Президент.

Сонымен қатар, Елбасы құрылысқа рұқсат алу процедурасын жеңілдететінін жеткізді. «Аралық рұқсаттар мен лицензиялардың барлығы алынып тасталынады. Бүгінде сараптама бәсекеге қабілетті ортаға көшеді. Құрылысқа рұқсат алу 30, 20, 10 принціпі бойынша жүзеге асырылады. Яғни,  30 күн – нысанның архитектуралық жоспарын алуға, 20 күн – жобаның дизайнын келісуге, 10 күн – рұқсаттың өзін алуға кететін болады. 2 ай. Мұны біз қатаң түрде заңнамалық тұрғыда бекітуіміз керек», - деп атап өтті Елбасы.

«Құрылысты жасақтау мен еурокод жүйесін енгізу барысында ресурстық әдіс енгізілетін болады. Бұл құрылыстың заманауи стандарттарына көшуге мүмкіндік береді», - деп толықтырды Н. Назарбаев.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар