• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыдағы бокстан әлем чемпионатына қатысушы спортшылар саны бойынша АИБА рекордын жаңартты

Алматыдағы бокстан әлем чемпионатына қатысушы спортшылар саны бойынша АИБА рекордын жаңартты

11 Қазан, 2013 16:32
14-26 қазан аралығында өтетін Алматыдағы бокстан әлем чемпионатына қатысушы спортшылар саны бойынша АИБА рекордын жаңартты, деп хабарлайды халықаралық ұйымның веб-порталы.

«2 жыл бұрын Бакудағы бокстан әлем чемпионатында әлемнің 113 елінен 570 былғары қолғап шебері қатысып, АИБА рекордын жаңартқан. Биылғы жылы бұл рекорд жаңартылды, Алматыдағы бокс біріншілігіне 116 елден 576 боксшы (резервті қосқанда) қатысады», - делінген хабарламада.

Бокстан әлем біріншілігі бағдарламасына – Чинг-Куо Фу қауымдастығы президенті төрағалығымен АИБА Техникалық Конгресінің өткізуі. Конгресс қатысушылары әлем боксының дамуы мәселесі, соның ішінде жарыстардың техникалық ережелері, супер вайзерлердің менеджмент жүйесі мен ITO, рефери мен төреші, бапкерлер, АИБА-ның допингке қарсы бағдарламасы енгізілген.

Конгресс шеңберінде АИБА жаңа құрылымының таныстырылуы, Әлемдік бокс сериясының (WSB) 4-інші маусымы, «АИБА Кәсіби Боксы» (APB) жобасының, АИБА әлемдік бокс академиясы мен «Олимпияда ынтымақтастығы» бағдарламасы өтеді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар