- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-ның Күршім ауданында «Даңқ мемориалы» ашылады
ШҚО-ның Күршім ауданында «Даңқ мемориалы» ашылады
Күршім ауданы бойынша 5 315 боздақ Ұлы Отан соғысынан қайтпаған екен. Бұл мемориал батырлардың рухына тағзым және жас ұрпаққа үлгі-өнеге болсын, халыққа рух берсін деген ниетпен, 1941-45 жылдардағы фашистермен болған қанды шайқастан қаза болған күршімдіктердің құрметіне қойылып отыр. Кешеннің маңдайында «Ешкім де өлгендерді тірілтуге құдіретсіз, дегенмен де, оларды мәңгі есте сақтау біздің қасиетті парызымыз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі мәрмәрға ойып жазылған.
Даңқ мемориалы кешенінің аумағы 5 гектарды құрайды. Екі секторға бөлінген аумақтың бір жағы тұрғындардың сейілдеуіне арналған. Онда гүлзар, субұрқақ, орындықтар мен аллея орналасқан. Ал екінші сектор боздақтарға арналған «қасиетті орын» саналады. Алыстан көз тартатын көрнекті мемориалдың қабырғасы бетоннан құйылған. Соғыстан қайтпаған 5 315 боздақтың аты-жөні «габбро» мәрмәрға түсірілген.
Мемориалдың құрмет тақтасында қан майданда опат болған жауынгерлермен қатар, ауданнан шыққан Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, Қазақстанның Еңбек Ері, генералдар, аудан мен облыста, республикада басшылық қызмет атқарған қайраткерлер және өнер шеберлерінің есімдері қашалып жазылған.
Аудан әкімдігінің хабарлауынша, ҰОС ардагерлерінің қатысуымен мемориалдың ашылу салтанатын аудан жұртшылығы кең ауқымда атап өтпек. Салтанатты рәсімде ардагерлерге бағалы сыйлықтар табыс етіліп, жиын соңы мерекелік концертке ұласпақ.###
-
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Балабақшалардағы кезекті азайту: Алматыда балабақшаларда 20 мыңнан астам жаңа орындар ашылады -
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары ашылады -
17 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдейді: Қандай нысандар ашылады -
"Абай ТВ" және "әл-Фараби" телеарнасы ашылады - А.Балаева -
Алматының Әуезов ауданында жаңа мектеп ашылады -
Мақтаарал ауданындағы апат салдарын жою жұмыстары қатаң бақылауда -
Қордай ауданындағы нысандарды қалпына келтіру жұмыстары тамыздың соңына дейін аяқталады -
Биыл «Атырау-Астрахань» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс ашылады -
А. Мамин Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарын тексерді
-
Индустрияландыру картасы аясында биыл 17 мың жаңа жұмыс орны ашылады -
18 мамырда елордада қандай қызмет көрсету орындары ашылады (Видео) -
Шығыс Қазақстан облысында заңды тұлғаларға арналған ХҚО ашылады -
Сарыағаш ауданында арналар арқылы су беру қызметіне тарифтер төмендетілді