• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: ЕАЭО аясында сауда саясаты мен кедендік үдерістерді ауқымды реформалауға бастамашылық жасау қажет

Н.Назарбаев: ЕАЭО аясында сауда саясаты мен кедендік үдерістерді ауқымды реформалауға бастамашылық жасау қажет

5 Мамыр, 2015 16:12
ЕАЭО аясында сауда саясаты мен кедендік үдерістерді ауқымды реформалауға бастамашылық жасау қажет, деді Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.ЕАЭО аясында сауда саясаты мен кедендік үдерістерді ауқымды реформалауға бастамашылық жасау қажет, деді Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Еуразиялық экономикалық одақ аясында сауда саясатын, кедендік процедураларды ауқымды реформалауға бастамашылық жасау қажет. Біз кедендік әкімшілеу турасында бірнеше мәрте айттық және бұл мәселеде көп жайтқа үлгергеніміз жоқ.Тауарлар мен қызметтердің еркін ілгерілеуіне барынша жағдай жасау қажет.  Қазақстан мен Қытай шекарасында жүк пойыздарының топталып тұрмай, шекарадан тезірек өтуіне мүмкіндік жасалмай отыр. Кедендік қойылымдарды қысқартып, тек үшеуін: 0,5 және 12 қалдыру қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, бұл кедендік реттеу ашықтығын, әкімшілендіруді жақсартып, жемқорлыққа жол ашпайды. «Бұл орайда Еуразиялық экономикалық одақпен ақылдасу қажет. Біз бір терезе қағидасын енгізетін боламыз, кедендік және салық жүйесін интеграциялаймыз», - деді Елбасы.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар