- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді жекешелендіру керек – Н.Назарбаев
Қазақстанда ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді жекешелендіру керек – Н.Назарбаев
«Үшінші бағыт индустрияландыру мен экономикалық өсім. Реформалар табиғи ресурстардан бастап, табиғи монополияларға дейінгі аралықта экономиканың кең ауқымды бағыттарын қамтиды. Біздің елде ауыл шаруашылығы тарихтан бәсекеге қабілетті басымдығымыз болып табылады. Алайда, ескірген тиімсіз жер қатынастарын реттеу өндіріс факторы ретінде жердің әлеуетін шектейді. Жақында ғана жүргізілген түгендеу жұмыстары 9 миллион гектар жердің пайдаланылмай бос жатқандығын көрсетті»,-деді Мемлекет басшысы.
Елбасының сөзінше, Қазақстанда жеке меншіктің екі түрі бар: жалға алу және нақты жекешелендіру.
«Ірі жер иеленушілер жерді жалға алады, жерді қалай пайдаланылып жатқандығына қарамайды, жер өзінің құнарын сақтап қалды ма жоқ па, жердің өнімділігі жоғары ма жоқ па. Осылайша, біз барлық құнарлы жерлерді жарамсыз етіп жатырмыз. Сондықтан бізге ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлерді жекешелендіру керек. Бұл оңай шаруа емес, бұл маңызды әрі өзекті мәселе. Бұл қазақстандықтардың жері, сондықтан онда барлығы жан-жақты қарастырылуы керек. Жерді тек жұмыс істей алатын, мамандығы бар, тәжірибесі, қаржысы мен техникасы бар, пайдасын тигізе алатын адамдар алуы керек»,-деді түсіндірді Президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, жердің әрбір метрі сәйкесінше, нарық талаптары бойынша тиімді пайдалануы керек.
«Сондай-ақ жерді пайдалана алмаған жағдайда одан айрылып қалатыны да көрсетілу керек. Яғни біз жердің нақты қожайыны болатындай етуіміз қажет. Бұл өз кезегінде жерді тиімді пайдалануға ынталандырады. Бұл әлемдік үдеріс. Дамыған мемлекеттерде бұл мәселе шешілмей, нарықтық қатынастар толығымен іске асырылмаған. Мұндай жекешелендіру шарасы жерді онымен жұмыс істей алатын адам сатып алуы үшін түбегейлі ашық өткені ләзім. Жердің әрбір метрі сәйкесінше, нарық талаптарына сай тиімді пайдаланылуы керек. Мемлекет бұл жұмыстарды ұдайы тексеріп отыруы керек»,-де қорытты сөзін Ұлт Көшбасшысы.
Индира Кауметова
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады