ҚР Президенті: Жергілікті полиция қызметін құру қажет

5 Мамыр, 2015 15:54
Жергілікті полиция қызметін құру қажет, деді Ақордада өтiп жатқан Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев.

«Полицей қызметiне келсек, азаматтарға есеп беретiн жергiлiктi полиция қызметiн құру қажет. Бұл қызмет қоғамдық тәртiптi қорғауға, тұрмыстық қылмыстармен күресуге, жол-патруль қызметiне жауапты болуы тиiс. Бiз бұл туралы көп айттық. Осы қызмет жергiлiктi халықпен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, ұсақ заңбұзушылықтарға нөлдiк төзiмдiлiк режимiн қамтамасыз ету керек», - дедi Н.Назарбаев. 

«Полиция қызметкерлерiнiң қызметiне шағымданатын азаматтардың арыздарын қарастыратын қоғамдық кеңестер құру қажет. Егер де ондай кеңестер болса, азаматтар өздері полиция қызметкерлерімен ақылдасып, оларға қол ұшын берер еді. Бізде ондай жүйе жоқ», - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар