- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік қызметке үміткер кандидаттардың біліктілігі жаңа тесттермен бағаланатын болады – Назарбаев
Мемлекеттік қызметке үміткер кандидаттардың біліктілігі жаңа тесттермен бағаланатын болады – Назарбаев
«100 нақты қадамды бес реформаны жүзеге асыру үшін жасақтап жатырмыз. Бұл бес реформаның әр пунктісіне байланысты. Бірінші бағыт, кәсіби автономды мемлекет аппаратын жасақтау. Біз мемлекеттік қызметтің мансаптық үлгісіне көшуіміз керек, мемлекеттік қызметке шыншыл, талантты, дайындалған азаматтарды алуымыз керек», - деді сөз басында Н. Назарбаев.
Елбасының айтуынша, мемлекеттік қызметке әрбір кандидаттың жеке қасиеттерін бағалау үшін жаңа сынақтар енгізіледі. Бұл тестілер мемлекеттік қызметкерлердің бірыңғай дағдыларына негізделеді. «Біз мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби аппаратын құруға тиіспіз. Олардың жалақысы да бәсекелестік қағидатында болуы керек, яғни, бұл жұмыс нәтижесіне тәуелді болады. Шамамен олардың жалақысы жеке сектордың 70 пайызына жуықтауы мүмкін. Алайда, бұған қосылатын үстемеақыларды әрбір органдар өз ішінен табуы керек», - деді Мемлекет басшысы.
«Біз министрлер мен ведомство басшыларына бюджет мәселесін өздері шешуге мүмкіндік жасаймыз. Егер үш адам атқаратын жұмысты бір адам істей алса, әрине онда жалақыны қалдырамыз, жетпегенін қосамыз», - деп толықтырды Н. Назарбаев.
Индира Кауметова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты