- Басты
- Жаңалықтар
- Щучинскіде «жасыл» экономиканы дамыту бойынша халықаралық конференция өтті
Щучинскіде «жасыл» экономиканы дамыту бойынша халықаралық конференция өтті
«Конференцияда Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшуі аясында орман қорларын сақтау тиімділігін жоғарылату, ормансыздануды бақылауды күшейту, елде орман шаруашылығын басқарудың заманауи әдістерін енгізу және дағдыларды дамыту мәселелері талқыланды», - деп хабарлады ведомство.
Конференция жұмысына Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның орман өсіруші ғалымдары, табиғатты және орманды қорғау мекемелерінің мамандары, сондай-ақ, орман шаруашылығы мамандарын даярлайтын ЖОО мен колледждерінің профессорлары мен оқытушылары қатынасады.
Республика аумағы ормандылығының төмендігіне байланысты (4,6%), қаралған мәселелер Қазақстанның орман саласы үшін аса маңызды болып отыр. Осы орайда мемлекет аумағын экологиялық сауықтыру жұмыстарын жандандыру шеңберіндегі секторды дамытудың басым бағыттарының бірі – орманды қалпына келтіру болып табылатындығын айта кету керек.
Елімізде ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жалпы ауданы 23,1 млн.га. (ел аумағының 8,5%) құрайды. 2020 жылға дейін бұл аумақ 27 млн. га дейін, немесе Қазақстан аумағының 10% құрайтындай жағдайға жеткізіледі.
Конференция негізгі проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар енгізілген қарар қабылдады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту