• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Үкіметі бес институционалды реформаны жүзеге асырудың жоспарын маусымның соңына дейін әзірлейді

ҚР Үкіметі бес институционалды реформаны жүзеге асырудың жоспарын маусымның соңына дейін әзірлейді

5 Мамыр, 2015 15:39
Үкімет институционалды реформаларды дамытудың бағдарламасын 2015 жылдың соңына дейін аяқтайды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ақордада өткен кеңейтілген отырыста.

«Үкіметтің  атынан Сізге біздің құрамымызды толық бекітіп бергеніңіз үшін алғысымды білдіргім келеді, бұл біздің Сіздің алдымызға қойған барлық тапсырмаларыңызды орындауға кірісуге мүмкіндік береді. Сіздің тарапыңыздан біздң алдымызға қойлған міндеттерге сәйкес. Біріншіден, «Қазақстан - 2050» Стратегиясы, әлемнің бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіру, Сіздің қазақстандықтарға жолдаған Жолдауыңыз бен «Нұрлы жол» бағдарламасы, оны біз іске асыруға дайынбыз. Жалғасы индустриалды бағдарламалар мен еліміздің алдағы 5 жылда даму болашағын көрсетіп берген Сіздің ұлықтау рәсіміндегі сөзіңіз»,-деді Кәрім Мәсімов.    

«Сіздің жарлығыңыз бойынша реформаларды өткізу бойынша комиссия құрылды. Біз қызмет бағдарламасын да нақтыладық. Кеше топтың отырысы өтті, маусымның соңына дейін сіздің қарауыңызға реформалар мен тапсырмаларыңыздың жүзеге асу ұсыныстарын енгіземіз», - деді Премьер-Министр.

Сондай-ақ, К.Мәсімов атап өткендей, Президенттің тапсырмасы бойынша ведомстволар мен министрліктерге 3 айға немесе 90 күнге Елбасының ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзіне байлансты тапсырмалардың орындалуы туралы жоспар дайындау тапсырылды.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде.

Индира Кауметова

 

 

Барлық жаңалықтар