• Басты
  • Жаңалықтар
  • Республикалық ҚНмЕ-ге Қазақстанның индустриалды картасының кәсіпорындары кірді - NADLoC

Республикалық ҚНмЕ-ге Қазақстанның индустриалды картасының кәсіпорындары кірді - NADLoC

5 Мамыр, 2015 15:03
ҚР-ның мемлекеттік комиссиясы«Bekem-Plast» қарағандылық зауытты республикалық құрылыс нормасы мен ережесіне (ҚНмЕ) енгізді, деп хабарлады «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» АҚ.

«2015 жылдың сәуірінде зауыттың өнімі мемлекеттік құрылыс жобалары үшін пайдаланылуға болатын республикалық ҚНмЕ-ге барлық сапа талаптарына сәйкес ретінде енгізілді. Бұл «Bekem-Plast»ЖШС-ға мемлекет қаржыландырып отырған ірі құрылыс жобаларына өзгелермен тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік береді.  Бұған дейін бұл нормаларда полиэтиленді құбырлар ғана болатын», - делінген «NADLoC-тың» хабарламасында.

Хабарламада атап өтілгендей, ҚНмЕ-ге кәсіпорындарды енгізу бойынша жұмыс ҚР ҰЭК кұрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне ұсыныс жасау арқылы 2014 жылы қарашада басталды.

«Жарты жыл бойы кәсіпорын атестациялауға дайындалды. Комиссия тексеріп шыққаннан кейін бір ауыздан «Bekem-Plast» ЖШС  ҚНмЕ-ге енгізу туралы шешім қабылданды. Зауыт директоры мен комиссия мүшелері алқа мәжілісінде хаттама мен декларация қол қойды», - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, әлемде полипропиленнен жасалған нығыздалған құбыр шығаратын 3 зауыт бар, оның 1-уі Қазақстанда болса, қалғандары Италия мен Біріккен Араб Әмірліктерінде. Кәсіпорынның қазақстандық қамтуы 70 - 85% құрайды.

NADLoC-тың мәліметі бойынша,   «ҚазПласт» пен «Bekem-Plast» өндіруші компаниялар тобы ҚР Президентінің аталмыш саладағы саясатын алға ілгерілетушілер болып табылады.

 Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар