• Главная
  • Қапшағайға Волоколамскдегі Кеңес әскері жауынгерлерінің жатқан жерінің топырағы салынған капсула әкелінді (ФОТО)
5 мая, 2015 19:19

Қапшағайға Волоколамскдегі Кеңес әскері жауынгерлерінің жатқан жерінің топырағы салынған капсула әкелінді (ФОТО)

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Қапшағайға Кеңес әскерлерінің бауырлас зираттарынан топырақ салынған капсула мен мәңгілік алау әкелінді, деп хабарлайды Алматы облысының әкімдігі.
Қапшағайға Волоколамскдегі Кеңес әскері жауынгерлерінің жатқан жерінің топырағы салынған капсула әкелінді (ФОТО)

Естелік нышандары Ресейдің әскери даңқ қаласы Волоколамскіден әкелінген. Қапшағай қаласының орталық бағындағы Даңқ мемориалынан салтанатты жағдайда топырақ салынған капсула салынып, мемориалды тақты тұрғызылды және мәңгілік алау жағылды.

«Менің Жеңіс күніне байланысты шын жүректен, ең ыстық ықыласты құттықтауымды қабыл алыңыздар! Бізге Волоколамскінің ең алғаш рет Кеңес Одағының батырлары Иван Панфилов пен Бауыржан Момышұлының мүсіндері орнатылған Батырлар аллеясынан жауынгерлік естелік нышаны әкелінді. Бүгін Жеңістің 70 жылдығына орай ерлік істерін өскелең ұрпақтың жадында мәңгі қалдыру мақсатында біз мемориалды тақта орнаттық. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Мәңгілік алау мәңгі жанып тұрсын!»,-деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев.     

Шараға Волоколамскіде қаза тапқан ардагерлердің балалары, Ресей Федерациясының Алматыдағы Бас консулы Алексей Демин қатысты. Естеріңізге сала кетейік, Қапшағай қаласы мен Волоколамскі бауырлас қалалар болды. Бұл болашақта бірлескен жобалар жүзеге асырылып, тәжірибе алмасылады деген сөз. Бауырластық байланыстардың бастамашылары Қазақстан мен Ресей елшіліктері болды.