ҚР Ұлттық қорынан АӨК қолдауға 335,8 миллиард теңге жұмсалды – Д.Мақажанов

5 Мамыр, 2015 12:36
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан еліміздің агроөнеркәсіп саласын қолдауға 335,8 миллиард теңге бағытталды, деді «ҚазАгро» ұлттық холдингінің Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Мақажанов Орталық коммуникацциялар қызметінде өткен баспасөз-мәслихатында.

«Барлық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен солардың есебінен Ұлттық қордың қаржысын алу арқылы томат пен қияр импортын 61,2 пайызға төмендетуге, құс етін 15 пайызға, сүт импортын 9 пайызға азайтуға болады. Сондай-ақ ыдыста сақталатын көкөністердің тапшылығын 41,2 пайызға төмендетіп, МІҚ етін экспорттауға жол ашуға болады»,-деді Д.Мақажанов.  

Оның сөзінше, Қазақстан Республикасы Ұлты қорының есебінен агроөнеркәсіп кешенінен қолдауға 335,8 миллиард теңге жұмсалады.  

«Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қолданылмай, уақытша бос тұрған қаржы есебінен агроөнеркәсіп кешеніне 335,8 миллиард теңге бөлдік немесе 120 миллиард облигациялық займ есебінен біз АӨК қолдадық. Бөлінген 1 теңгеден біз 3 теңгеге пайда көрдік»,-деп түсіндірді ол.   

Естеріңізге сала кетейік, алынған қаржыны Ұлттық қорға 2024 жылы қайтару жоспарланып отыр.

"Біздің өзіміздің мойнымызға алған міндеттемелеріміздің уақыты біткенше, 8 жылдай мерзім бар, сондықтан біз қаржыны агроөнеркәсіп кешенінен сала береміз. Біз капиталды аз қажет ететін және пайданы аз мерзімде табуға мүмкіндік беретін жобаларды қаржыландырамыз. Олардың қатарында лизингті технологиялық құрылғыларға бөлу арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке сатып алу мен беру және осы уақытта істеп тұрған өндірістерді жаңғырту шаралары бар»,-деп қорытты сөзін Басқарма төрағасының міндетін атқарушы.    

 

 

Барлық жаңалықтар