• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда Ұлттық қор қаржысының ауыл шаруашылығындағы инвестжобаларды қаржыландырудағы үлесі 70% құрады

Қазақстанда Ұлттық қор қаржысының ауыл шаруашылығындағы инвестжобаларды қаржыландырудағы үлесі 70% құрады

5 Мамыр, 2015 12:23
Ұлттақ қор қаржысының ауыл шаруашылығындағы инвестжобаларды қаржыландырудағы үлесі 70% құрады, қалған 30% - жеке бизнес қамтамасыз етті, деді «ҚазАгро» ұлттық холдингі басқарма төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Махажанов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

««ҚазАгро» ұлттық холдингі  ауыл шарушылығындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша негізгі оператор болып табылады. Осы мақсатта 2009 жылы ҚР Ұлттық қорынан 120 млрд теңге 15 жыл мерзімге берілді. Яғни, инвестициялық жобаларды 14 бағыт бойынша қаржыландыруға», - деді Д.Махажанов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 120 млрд теңге толығымен игерілген, қомақты қаржы ауыл шаруашылығы саласында жаңа өндіріс ошақтарын ашуға, қолданыстағыларды жаңғыртуға, өнімділікті арттыруға бағытталған.

«Жалпы, 120 млрд теңге есебінен жалпы сомасы 200 млрд теңге болатын 219 инвестициялық жоба бекітілді. Оның 70%-ын Ұлттық қор қаржыландырса, қалған 30%-ын жеке бизнес қамтамасыз етті. 219 жобаға 139 млрд теңге құйылды, бұл бұған дейін жүзеге асырылған жобалардан түскен қаржыны екінші рет айналымға салудың арқасында мүмкін болды», - деп атап өтті Д.Махажанов.

Сонымен, инвестициялық жобаларды іске қосу арқылы 8000-нан астам жұмыс орны құрылатын болады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар