- Басты
- Жаңалықтар
- Астана қалалық ІІД өкілдері ҰОС ардагерлеріне алғыс айтты
Астана қалалық ІІД өкілдері ҰОС ардагерлеріне алғыс айтты
Министрлік мәліметтерінде, уақыт өткен сайын қатары сиреп бара жатқан ардагерлердің көпшілігі осы күнде салтанатты шараларға өздері бара алмайтындай жағдайға жеткен. Сол себепті ішкі істер органының өкілдері олардың үйлеріне өздері барып сый-сыяпаттарын жасауда. Сыйлықтар мен гүл шоғын табыстаған «Алматы» аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Марат Төлебаев ҰОС мен ішкі істер органының қызметкерлеріне өздерінің жеке өмірлерін қатерге тіге отырып, елін, жерін қорғап, қиян-кескі соғыста Жеңіс күнін жақындатқандары үшін алғысын білдірді.
Казис Жолдыбаев 1924 жылы Ақмола облысының Астрахань ауданында туылып, 1942 жылы Кеңес Одағы әскерінің қатарына шақырылған. 1943 жылдан бастап ол соғыстың соңына дейін Байкал жағалауы майданындағы 298 атқыштар дивизиясының құрамында жапон самурайларына қарсы соғысқан. Соғыстан соң да ол ұзақ жылдар бойы еліміздің ішкі істер органдарында қызмет еткен. 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері.
Осы күні астаналық тәртіп сақшылары ҰОС мен ішкі істер органдарының ардагері Айдархан Байкеновты құттықтады. А.Байкенов 1925 жылы Көкшетау облысының К.Маркс колхозында дүниеге келген. Сәкр қатарына 1943 жылы шақырылып, сол жылдан бастап, запастағы 37-ші полк атқышы болып, 1943-1945 жылдары 8-ші Гвардиялық дивизияның инженерлік-саперлік батальонының командирі болған. Көптеген наградалардың иегері. Соғыстан кейін де ішкі істер органдарында ұзақ жылдар нәтижелі еңбек еткен.
Ардагерлер ішкі істер органының қызметкерлеріне үлкен мереке тұсындағы құттықтаулары үшін алғысын білдірді.
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағаларының өсу себебін айтты -
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма -
Қазақстанда «Шын Жүректен» атты алғыс білдіру сайты іске қосылды -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Экология министрі су тасқыны қаупінің алдын алу шараларын айтты -
Сарапшылар пікірі: "Президент Үкімет отырысында ең өзекті мәселелердің шешімін айтты" -
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті -
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты -
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты