- Басты
- Жаңалықтар
- Атырау құтқарушылары ҰОС ардагеріне құрмет көрсетті
Атырау құтқарушылары ҰОС ардагеріне құрмет көрсетті
Погодаев Александр Иванович 1924 жылы дүниеге келген, Атырау қаласындағы Ломоносов атындағы орта мектепте білім алған. 18 жасқа толған шағында 1942 жылдың тамыз айында майданға кеткен.
Алғашында Уфадағы кіші командирлер мектебінде оқып, кейін оны екінші Белоруссиялық майданға жіберген. Белоруссияда шайқасып, Орша, Гомель, Витебскті азат еткен. Орша төңірегіндегі шайқаста Александр Ивановичты жаралап, Мәскеу түбінде госпитальде емделген. Дәрігерлер аяғынан тұрғызғаны сол еді, қайтадан майданға аттанып, Польша жеріне дейін барды, Висла өзенінің құрылымына қатысты. Польшадан оны Саратов танк училищесіне жолдады, бір жыл оқып, взвод командирі атағын алған соң, сапқа қайта оралды.
Жауынгердің ерлігі мен батылдығы үшін Отаны оны Қызыл Жұлдыз орденімен, «За боевые заслуги», «За победу над Германией» медальдарымен марапаттады.
Соғыстан елге қайтқан соң Газ өңдеу зауытында машинист көмекшісі қызметін атқарды. 1952 жылы оны Ішкі істер органына қызметке алып, Ішкі істер департаментінің тергеу бөлімінде, 1965 жыл мен 1985 жылдар аралығында өртке қарсы қызметінде қызмет атқарған. Өртке қарсы қызмет органындағы жұмысын өрттен қорғау профилактикасының нұсқаушысынан бастап, бастықтың орынбасары лауазымына дейін жеткен.
Біз Александр Ивановичпен ұзақ әңгімелестік, өртке қарсы қызметінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, қызметтің тиімділігін арттыру бағытында кейбір кеңестерін алдық. ҰОС ардагерінің әжім басқан қолдары дірілдеп, айтқан әңгімелерін тыңдап отырғанда, соғыстың ызғарлы кезі көз алдымызға елестеп, еріксіз көзімізге жас келді.
Біз, бүгінгі күннің жастары, бақыттымыз. Біз сұрапыл соғысты көрген жоқпыз, сол соғысты көрсетпес үшін аянбай айқасқан, еңбек еткен ардагерлермен бір заманда өмір сүріп, әңгімелерін өз ауыздарынан естіп, алдарына барып, алғысымызды білдіріп, тағзым етіп жүрміз.
Президентіміз Жолдауында: «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз» деп атап өткен болатын. Демек, ендігі біздің парызымыз көзі тірісінде ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, олардың ерен еңбегін келешек ұрпаққа жеткізу болып табылады.
-
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы -
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Тоқаев: Еріктілер Отанға қызмет етудің озық үлгісін көрсетті -
Атырау облысының әкімі өңірдегі төрт басты проблеманы атады -
Пандемия кезінде ҚазҰМУ 150 мыңға жуық медициналық қызмет көрсетті – ректор -
Атырауда "Абай" күні туылған сәбиге Абай есімі берілді -
Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы инфекциялық стационарды онлайн түрде аралады -
Өзбекстан мен Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы Мақтааралдықтарға қаржылай көмек көрсетті -
Биыл «Атырау-Астрахань» тасжолының 60 шақырымында қозғалыс ашылады -
Атыраудан республика қалаларына рейстер қайта жанданады -
Б. Сапарбаев: Біз қасиетті Әулиеата жерінің бай тарихын құрмет тұтуымыз керек -
Түркістанға Атыраудан 20 тонна балық жеткізілді