• Басты
  • Жаңалықтар
  • Жеңістің 70 жылдығына орай Қостанай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне мерекелік медальдар табыс етілді

Жеңістің 70 жылдығына орай Қостанай облысында соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне мерекелік медальдар табыс етілді

5 Мамыр, 2015 15:33
Қостанай облысында аймақ басшысы Нұралы Сәдуақасов соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерімен кездесіп, оларға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік медальдарды табыс етті.

«Ұлы Жеңіс мерекесіне бірнеше күн қалды. Осыған қарй қазір соғыс туралы көп айтылуда және әртүрлі айтылуда. Біз үшін Жеңіс Кеңес жауынгерінің ергілі. Одна біздің қазақстандықтар, қостанайлықтар да болды. Біз олармен мақтанамыз. Біз срқия соғыстың зардабын тартқан аға буын өкілдеріне сый-құрметпен қараймыз. Соғыс жылдарында барлық халықтар бірікті. Тылда Жеңіске деген даңғыл жол салынды. Сіздер бүгін де әдеттегідей сапта тұрсыздар. Сіздердің соғыс батырлық рухтарыңыз бен ерлік істеріңіз біз үшін үлгі боларлық. Біз Сіздерден жастармен көбірек жүздесіп, мектептерге барып жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу ісіне үлес қосуларыңызды сұраймыз. Бүгінде Қазақстан тәуелсіз мемлекет және она картадан таниды. Біздің елді біздің Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында таниды. Біз еліміздің бейбіт заман орныққанына қуаныштымыз және біз оны аплдағы уақытта да сақтап қалуымыз керек. Біздің елде бәрі бірлік пен гүлденуде болуы керек. Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаев – бұл бейбітсүйгіштік пен келісім»,-деді кездесуге қатысушыларға арнап айтқан сөздерінде.     

Облыстық ардагерлер кеңесінің атынан Кенжебек Үкін ардагерлерге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің  75 жылдығын атап өтуді де міндет етіп тапсырды.  

Н.Сәдуақасов Жеңіс күнін атап өту үшін үлкен шаралар атқарылып үлкен дайындық жүргізілгендігіне назар аударды. Барлық ескерткіштер жөнделіп, Жеңіс қорына 100 миллионнан астам қаржы жиналды және ол алдағы уақытта ардагерлерге арналған ізгі істерге жұмсалмақ.  

Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, кездесуден соң Қостанай облысының басшысы кездесуге  келе алмаған үш ҰОС ардагерінің үйінде болып, оларды да келе жатқан мерекелерімен құттықтап медальдар табыс етті.   

 

Барлық жаңалықтар