• Басты
  • Жаңалықтар
  • Президенттің реформалары шағын және орта бизнес үшін үлкен мүмкіндік ашады- ҚХА

Президенттің реформалары шағын және орта бизнес үшін үлкен мүмкіндік ашады- ҚХА

5 Мамыр, 2015 19:04
Президенттің реформалары шағын және орта бизнес үшін үлкен мүмкіндіктерді ашады, деп есептейді Қостанай облысы ҚХА-ның орыс этномәдени бірлестігінің мүшесі А.Двуреченский.

«Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері шын жүректен Н.Ә.Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтайды. Сайлау қазақстандықтардың бірлігін, Көшбасшысына деген махаббатын айқын көрсетті. Сонымен қатар, сайлаудың нәтижесі халық Елбасына риясыз сенетінін аңғартты», - деді ол.

Оның пайымынша, қазақстандық мемлекеттілікті нығайту бойныша бес қадам  олар шын мәнінде халықтық реформалар.

«Біз үшін еліміздің аграрлық аймағы ретінде Елбасының ауылшаруашылығы шикізатын өңдеу секторын дамыту бойынша қойған міндеттері маңызды. Ол бізге жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірісті аса қажетті өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы ретте шағын және орта бизнес алдында үлкен мүмкіндіктер ашылады. Елбасы ұсынған шаралар кешені, яғни институционалды реформалары экономиканы нығайтуда оң әсер етеді», - деп атап өтті  А.Двуреченский.

Сонымен қатар, ол толықтырып өткендей, бұл бес институционалды реформаны жүзеге асырудың нәтижелілігі еліміздің өзге аймақтарына да тән.

«Заманауи Қазақстан қол жеткізген жетістіктер Елбасының ерең еңбегінің, мемлекетті басқаруда ұстанып отырған бейбітшілік және келісім саясатының жемісі», - деп түйді ол.

 

 

Барлық жаңалықтар