- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-да ҰОС ардагерлері туралы деректер кешені әзірленді
ҚР-да ҰОС ардагерлері туралы деректер кешені әзірленді
2014 жылы Ардагерлер кеңесі мен Генералдар кеңесі Ұлы Соғыстағы қазақстандықтардың ерлігін паш ету мәселесін көтерген болатын.
Осыған сәйкес, Кеңес Одағы батырлары мен Даңқ Ордені иегерлері туралы мәліметтерді бір ізге түсіру мен бір арнада қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.
Партия филиалы кешенінде арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына жергілікті атқарушы органдар өкілдері, музей және мұрағат қызметкерлері қызметкерлері кірді. Сондай-ақ, партиялық еріктілер тобы тартылып, ардагерлер ұйымдары, ЖОО мен орта мектептердің тарих пәні мұғалімдері қатысты.
Нәтижесінде, 531 Кеңес Одағы батыры мен 124 Даңқ Ордені иегерінің деректері қайта қалпына келтіріліп, әрқайсысына «жеке іс парағы» ашылды. Бұған дейін 497 сарбаз бен офицер Қазақстанның тумасы деп есептеліп келген еді.
Айта кетейік, Даңқ Ордені иегерлері туралы мәліметтерді топтастыру партияның тікелей бастамасымен іске асуда. Осы категориядағы сарбаздар туралы мәліметтер бұған дейін жинақталмаған еді.
Мәртебесіне сәйкес, Даңқ Ордені иегері Кеңес Одағы батырына теңестіріледі (салыстыру үшін айтар болсақ, бүкіл соғыс барысында 11500 Кеңес Одағы батыры және 2500 Даңқ Ордені иегері болды). Бұл марапатпен Қызыл әскердің қатардағы жауынгерлері және сержанттық құрам марапатталса, әуе күштерінде ерлігі үшін кіші лейтенант дәрежесіндегі тұлғалар марапатталды.
Еске салайық, 2015 жылдың 1 наурызынан бастап «Нұр Отан» партиясы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасының аясында Ұлы жеңіске арналған жаңа Kaharman.kz веб ресурсының тұсауын кесті. Аталмыш сайтта бірегей мұрағат құжаттары, майдан хикаялары, музыкалық композициялар және т.б. жарияланды.
Сайт мақсаты – қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесін ұғынықты және қызықты етіп көпшілікке жеткізу. Яғни, соғыс қаһармандары туралы мазмұнды ақпараттарды топтастырып, соғыс барысына әсер еткен тарих үшін беймәлім деректерді жарыққа шығару.
Kaхarman.kz сайтын жаңартып отыру мен жетілдіру жұмысы жалғасын таба береді.
-
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Cалықтық декларациялау: тапсыру мерзімі, көрсетілетін деректер және іс-шаралар жоспары