- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында жастар «Жеңіс үшін рахмет!» атты акция ұйымдастырды
Жамбыл облысында жастар «Жеңіс үшін рахмет!» атты акция ұйымдастырды
Жастар ардагерлердің үйлеріне барып, оларды Жеңіс күнімен құттықтап, сыйлықтарын табыстап, гүл шоқтары мен этномәдени бірлестік жастарының өз қолдарымен дайындаған құттықтау қағаздарын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның жастар лигасының эмблемасы бейнеленген альбомдар сыйлады. Жастар арасында аспаздық өнерден хабары бар бойжеткендер ардагерлерге арнап тәтті тағамдар дайындап, жеміс-жидектер алып барды, деп хабарлайды аймақтың ішкі саясат басқармасы.
Жастар үш ардагердің үйінде болды. Олар: ҰОС ардагері Бертай Жаскеленов, Социалистік Еңбек ері Петр Гончаров пен Социалистік Еңбек ері және тыл еңбеккері Мария Бреусова болатын.
«Ардагер азаматтар үшін бұл күтпеген қуанышты жаңалық болды. Жастар тірі тарихтың куәсі болды десе болады, себебі өздеріне ұсынылған сый-сыяпаттарды қабылдаған соң, ардагер азаматар соғыс жылдарындағы өмір мен сол уақыттағы халықтың тыныс-тіршілігі жөнінде әңгімелеп берді»,-делінген хабарламада.
Әрбір ардагермен болған кездесу жастардың орындауындағы «Катюша» әнімен аяқталып жатты. Өткеннің естелігі болған әнді ардагерлер көздеріне жас ала отырып тыңдады.
«Ардагерлердің өмір жолдарын ұмытпау маңызды. Біз ардагерлерді көзі тірісінде бағалай біліп, оларға қамқорлық көрсетіуіміз керек. Ең бастысы олар тірі кезінде Жеңіс үшін алғыс айтуымыз керек»,-деді жастар лигасының өкілі Дарья Бурмакина.
«Бүгінгі кездесулердан алған әсерлерді айтып жеткізу мүмкін емес. Бұл біздің ардагерлеріміздің көздеріндегі, қуаныш пен мұң. Егер біз осындай сәттерде ардагерлеріміз үшін көңіл серпілтетін, оларды қуантатын азғантай болса да іс жасасақ, біз үшін ол үлкен жестістік!. Олар бізбен бірге ән айтып, бізге жақсы тілектерін тілеп жатты»,-деп өздерінің кездесуден алған әсерімен бөлісті «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрайымы және «Ақ желкен» жастар лигасының өкілі Эульфия Фарманова.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы