- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлы Жеңістің құрметіне арналған Астанадағы парадқа қатысу мен үшін үлкен мәртебе – ардагер
Ұлы Жеңістің құрметіне арналған Астанадағы парадқа қатысу мен үшін үлкен мәртебе – ардагер
Өртке қарсы қызмет полковнигі Т.Н.Сабиров Құрметті қонаққа құттықтау сөздер айтып, Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен және келе жатқан Ұлы Жеңістің мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық пен ұзақ өмір жылдарын тілей отырып, еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресте сіңірген еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Жамбыл облысының ТЖД Ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Джанабаев барлық қатысушыларды мамырлық мерекелермен құттықтап, халықтардың бірлігі әртүрлі жастағы адамдарды және барлық ұлт өкілдерін біріктіретінін, сонымен қоса адамдардың жүрегіне өзінің елі үшін деген мақтанышты ұялатынын айтты. Соғыс ардагерлері мен тылдың еңбеккерлері соғыстың бүкіл ауыртпалығын өздерінің иықтарында көтерген жеңіс-елдің ұрпағын лайықты көрсетуде және де Отанға өсиетсіз қызмет етудің үлгісі болып табылатынын айтты. Қорытынды сөзін ардагерге ұзақ өмір тілеп аяқтады.
Ризашылық пен сыйластықтың белгісі ретінде Құрметті қонаққа гүл шоқтары мен азық-түлік және ақшалай сыйлық табыс етілді.
Өзінің жауапты сөзінде Жолдасов Әбдікерім барлық қатысушыларға өрт сөндірушілердің әрдайым көрсететін құрмет пен қамқорлықтарына, жан жылулықтарына алғысын білдірді. Жас ұрпақты өздерінің кәсіптеріне лайықты болуға шақырып, өздерінің міндеттерін шын жүрегімен атқаруды, сол кезде ғана тірліктері қоршаған адамдарға да өздеріне де тиімді болатынын айтты.
Сонымен қоса ардагер, қазіргі уақытта Жуалы ауданының аумағында орналасқан, өрт сөндіру депосының құрылыс тарихын айтты, себебі сол құрылысты бастаған дәл өзі еді. Оның талаптылығы мен қайсарлығының, адамдармен тіл табыса білуінің арқасында, бос аумақта екі жүріске арналған үлкен гаражы бар керемет ғимарат соғылды.
«Біз су болсын деп, қолмен құдық қаздық; бағананы өздігімізше орнатып және электр жүйесі мен байланыс болсын деп сымдарды жүргіздік; қазіргі уақытта жақсы жеміс беретін жемісті ағаштарды отырғыздық. Осының барлығын шын жүректен Сіздер үшін істедік. Ал қазір мен, мені әрқашан жылы қарсы алып жақсы көретін, өзімнің ТУҒАН өрт сөндіру бекетіне қадыр-қасиетпен және мақтанышпен келіп тұрамын», - деді ардагер.
Әбдікерім ата Астана қаласында өтетін мерекелік шеруге қатысуды жоспарлап отырғанын айтты. Қатысушылармен: «Менің жас емес жасыма қарамастан, Ұлы Отан Соғысының 70-жылдығына арналған Астаналық шеруге қатысу мен үшін және жақындарым үшін үлкен құрмет. Сол себепті мен оған қатысуға бар күшімді саламын», - деп бөлісті.
Жылдар, он жылдар, соғыс уақытында және соғыстан кейінгі уақытта адамдардың қайғы-қасіреті, күйзелісі, ашаршылық – барлығы артта. Бүгін тек ардагерлер сол оқиғалар болған уақытпен байланыс буыны болып табылады. Тек солардың ғана әңгімелері отаншылдықты, қайсарлықты және сол жылдары өмір сүрген адамдардың еңбек ерліктерін біздің халқымыздың жадында қалдырады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай