- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда ҚХА жылына арналған симпозиум болып өтті
Алматыда ҚХА жылына арналған симпозиум болып өтті
Іс-шарада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының құттықтау сөзін ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қуаныш Асылов оқыды.
Іс-шараға Қазақстан кәрістері ассоциациясының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы өкілетті елшісі, Кореяның Бейбітшілік және демократиялық бірлестігі бойынша консультативті кеңестің вице-төрағасы, БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің орынбасары, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан мен Кореяның бизнесмендері мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Қуаныш Асылов өз сөзінде Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту ісінде іс-шараның айрықша мәні мен маңызын атап өтті.
Қуаныш Асылов «Қазақстан Корея Республикасымен жан-жақты және өзара тиімді серіктестіктіңдамуына аса мән береді. Елдер бір-біріне өзара қолдау көрсетеді, экономика, білім- беру және туризм саласында ынтымақтастық етеді, барлық деңгейде, соның ішінде осындай іс-шараларға қатысу арқылы тұрақты диалог пен өзара мәдени алмасу жүргізеді.
Кәріс халқы ұзақ уақыттан бері біздің қоғамның ажырамас бөлігі болып табылады, өзара түсінушілік атмосферасында, келісім мен Қазақстанның басқа этностарымен достықта өмір сүреді. Бұл достық бір буыннан екінші буынға беріле отырып ғасырларға жалғасатынына сенімдімін» — деп атап өтті.
Форум аясында этносаралық сипаттағы мәселелерді талқылау бойынша 4 секция жұмыс жасады. Форумға қатысушылар айтылған тілектер мен ұсыныстарды назарға ала отырып, Қазақстандағы этностық және діни бейбітшілік, барлық азаматтар бір-бірін құрметтеуді белгілейтін қарар қабылдады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр