- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері марапатталды
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері марапатталды
Министрлік өкілімен кездесуде батыр аталарымыз соғыстың қиыншылықтары мен тауқыметі туралы баяндап, естеліктерімен бөлісті.
Өкінішке орай, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың саны жылдан-жылға азайып келеді. Олар кетіп, есімдері шежіреге айналып жатыр. Есіл ауданы Ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысты Адығаева айтып кеткендей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұдайы көңіл бөлуінің арқасында майдангерлер мен тыл қайраткерлері мемлекеттің жан-жақты қамқорлығы мен қолдауын үнемі сезіп отырады.
«Бірнеше жылдар бойы біз мемлекеттік органдармен, «Нұр Отан» партиясымен, Мәдениет және спорт министрлігімен тығыз жұмыс жасап келеміз. «Ардагерлерге құрмет» жобасының арқасында, ортақ күш салып, бізді үнемі қомқорлыққа алып жүреді. Бүгін Мәдениет министрлігі керемет кездесу өткізді. Олар біздің өтініштерімізге әрдайым жауап беруге дайын», - деді Кеңес төрайымы.
Ведомствоның жауапты хатшысы Қ. Уәлиев мәдениет, өнер және спорт саласының барлық барлық қызметкерлері атынан майдангерлер мен тыл қызметкерлерін келе жатқан Ұлы Жеңістің 70-жылдығымен құттықтап, Отан еркіндігі мен тәуелсіздігі жолында көрсеткен ерлігі, батылдығы үшін алғыс айтып, барлығына ұзақ ғұмыр мен зор денсаулық тіледі.
Салтанатты кездесу соңында жеңімпаз сарбаздарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі атынан естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар