- Басты
- Жаңалықтар
- Тараздағы «ЕХРО - 2017 – жастар көзімен» инновациялық шарасына 20 жоба ұсынылды
Тараздағы «ЕХРО - 2017 – жастар көзімен» инновациялық шарасына 20 жоба ұсынылды
Облыстың ішкі саясат басқармасы хабарлағандай, «Жасыл экономикаға» көшу бағытындағы қарышты қадамдарының бірі және дәстүрлі емес энергия көздері» тақырыбына арналған инновациялық жобалардың «EXPO-2017 – жастар көзімен» атты көрмесіне іріктеу кезеңі өткен болатын. Аталған көрменің бірінші іріктеу кезеңінде облыстағы ірі кәсіпорындардан, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан, орта мектептердегі жас ғалымдардан 35 жоба келіп түсіп, арнайы құрылған сараптамалық комиссияның іріктеуінен ақтық кезеңге 23 жоба жолдама алды.
Байқауға «Үздік көрме экспонаты» («жасыл экономика» және дәстүрлі емес энергия көздері тақырыбы бойынша), «Үздік инновациялық жоба» аталымдары бойынша 14 пен 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары қатысып, көрме барысында «Заманауи компрессор және мұнай айдау бекеттері», «Жел энергетикалық қондырғы», «Қол жетімді дайын баспана», «Өсімдік қалдықтарынан биоэтанол өндіру», «Ауылдық жерлерде альтернативті энергия көздерін қолдану», «Ион» аппаратын жасау», «Күннің энергиясын пайдалана отырып жылыжайда банан өсіру», «Тұрғын үй ғимараттарының электр тартылымдары мен жарықтандырылуы», «Қант диабетімен ауыратын науқастарға арналған ортопедтік өнімдер және жайлы аяқ киім жасау», «Дала жағдайында өрт сөндіруге арналған роторлы топырақ лақтырғыш машина», «Ауыл шаруашылығы қалдықтарынан биогаз өндіруге арналған жерасты энергия үнемдеуші биоэнергетикалық кешен», «Лас суларды тазалауға арналған фильтрациклон», «Күн энергиясы және пирамиданың қасиеттері» жобалары қорғалды.
Қатысушылардың жұмыстары жобаның өзектілігі, бірегейлігі, ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі және автордың қосқан жеке үлесі критерийлері бойынша бағаланды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі