- Басты
- Жаңалықтар
- Қорғаныс министрлігінде ҚР Қарулы Күштеріндегі үздік рота командирлері наградталды (Фото)
Қорғаныс министрлігінде ҚР Қарулы Күштеріндегі үздік рота командирлері наградталды (Фото)
Үстіміздегі жылдың басында ҚР Қарулы Күштерінде үздік рота командирі атағына жалпы әскери байқау өтті. Кәсіби шеберліктері мен командирлік қасиеттерін ҚР ҚК әскер тектері мен өңірлік қолбасшылықтардың офицерлері сарапқа салды.
Үздік рота командирі атағына үміткерлер мемлекеттік-құқықтық, атыс, дене, тактикалық және арнайы даярлықтар, әскери топография, қару-жарақ пен әскери техника бойынша білімдерінен сынақтарды сәтті тапсыруы тиіс болатын. «Он бес офицер түрлі мамандықтар бойынша «Үздік рота командирі» атағына лайық деп танылды. Баршаңыз өз кәсіби және жауынгерлік шеберліктеріңізді, Отан алдындағы лайықты қызметтеріңізді көрсете білдіңіздер.
Дегенмен сіздер ең бастысы үздік командир ғана емес, өз жауынгерлеріңіз үшін нағыз тәлімгер сондай-ақ, бүкіл жеке құрамға үлгісіздер. Сіздерге қарап рота сап түзейді. Әр жауынгер сіздерді әскери борыш пен айбынның идеалы деп біледі.
Жауынгерлер үшін сіздер командир ғана емес армия сапындағы талап ете білетін, қажет кезінде қолдау көрсететін ең жақын адамсыздар», - деді салтанатты рәсімде ҚР Қорғаныс министрі.
Осы орайда қорғаныс ведомствасының басшысы үш офицерге – аға лейтенанттар Мейірхат Бисатов, Ернар Қуанышқалиұлы және Евгений Пайға мерзімінен бұрын «капитан» атағын беріп, барлық он бес әскери қызметшіге грамоталар мен естелік сыйлықтар (командир сағаттарын) табыс етті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары