- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Ыдырысов: Химиялық қаруға тыйым салу – Қазақстанның сыртқы саясатының басымдылық берілген негізгі бөлігі
Е. Ыдырысов: Химиялық қаруға тыйым салу – Қазақстанның сыртқы саясатының басымдылық берілген негізгі бөлігі
Бұл аталған халықаралық ұйым басшысының Қазақстанға алғаш рет келуі. ҚР Сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов Қазақстан ХҚТСҰ-мен ынтымақтастыққа зор көңіл бөлетіндігін атап өтті.
«Сіздің сапарыңыз мемлекеттік және өңірлік деңгейлерде химиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жетілдіруге бағытталған ықпалдастыққа қосымша екпін береді деп сенеміз», - деп атап өтті ҚР сыртқы саяси мекеме басшысы.
Е. Ыдырысов атап өткендей, Қазақстан Республикасы жаппай қырып жою қаруын таратпау қағидасын толық ұстанады және Химиялық қаруға тыйым салу конвенциясына сәйкес өзінің міндеттерін толық атқаруда, сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің №1540 қарарын орындауда жүйелі шараларды іске асырады.
«Қазақстанның қарусыздандыру және таратпау салалардағы саясаты еліміздің сыртқы саяси бағытымен анықталады, оның негізінде халықаралық қауіпсіздікті ұстану, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жаһанды мәселелер мен жанжалдарды реттеуде халықаралық ұйымдар беделін арттыру жатыр. Жаппай қырып жою қаруды таратпау қағидасын ұстану Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады», - деді Министр.
Өз кезегінде, А. Узюмджю Қазақстанды Ұйым жұмысына белсенді қатысуы мен қолдауы үшін алғысын білдірді. Ол «Қазақстан Республикасы Ұйымның химиялық қаруға тыйым салу қызметіне белсенді қатысады және Химиялық қаруға тыйым салу конвенция мүше мемлекеттер конференциясының жыл сайынғы сессиялары мен шараларына қатысады», - деп атап өтті.
Е. Ыдырысов Қазақстанның Ұлттық химиялық қауіпсіздік жөніндегі орталығын құруда мүдделілігін айтып, және ол болашақта өңірлік деңгейдегі орталыққа айналуы мүмкіндігін атап өтті.
Тараптар, сонымен қатар, ү.ж. шілдеде Қазақстанда ХҚТСҰ аясында өтетін химиялық қауіпсіздік жөніндегі команда-штабтық оқуларына дайындық мәселелерін талқылады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда