• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаевтың атына сайлаудағы жеңісіне орай құттықтау хаттар әліде келуде

Н.Назарбаевтың атына сайлаудағы жеңісіне орай құттықтау хаттар әліде келуде

4 Мамыр, 2015 20:08
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тағайындау туралы бірқатар Жарлықтарға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Катар Мемлекетінің Әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани Катар халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Сізге мықты денсаулық пен табыс тілеп, ал бауырлас Қазақстан халқына өсіп-өркендеуі мен ілгерілеуіне ниеттестігімді білдіру үшін осы мүмкіндікті пайдалануға рұқсат етіңіз. Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты болашақта да нығайта беруге деген шынайы ықыласымды қабыл алыңыз», – делінген жеделхатта. 

Португалия Республикасының Президенті Анибал Каваку Силва Анибал Каваку Силва Қазақстан мен Португалияның екіжақты қарым-қатынастар аясындағы ынтымақтастықты нығайту үшін қажетті мүмкіндіктер аясын кеңейтуді жалғастыра беретініне сенім білдірді.

Португалия Президенті Қазақстан халқына бақ-береке тілеп, өсіп-өркендеуіне ниеттестігін жеткізді. 

Марокко Королі VI Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, оның елді әрі қарай дамыту пен өркендетуге бағытталған барлық бастамаларына табыс тіледі.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, елдерімізді берік байланыстыратын ислами арқаулар мен тиімді ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ түрлі салалардағы қатынастарға серпін беру мақсатында бауырлас елдеріміздің және барша мұсылман қоғамдастығының мүддесі үшін Сізбен бірге бар күш-жігерімді жұмсауға дайын екенімді білдіргім келеді», – делінген жеделхатта. 

Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Дауыс берудің даусыз қорытындылары Қазақстан азаматтарының бұдан әрі де Сіздің басшылығыңызбен жүзеге асып жатқан, елді әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамытуға, оның халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған ауқымды жаңғырулар жолымен жүруге деген бекем ниетін айғақтайды. Армян-қазақ ынтымақтастығы аясын ұлғайта түсу мәселесіндегі бірлескен күш-жігеріміз, біздің жеке қарым-қатынасымыз алдағы уақытта да Армения мен Қазақстан халықтары арасындағы достықты нығайту мүддесіне қызмет етеді деп есептеймін», – делінген жеделхатта.

Соңында Армения Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық пен бақуаттылық, бастамаларына табыс, ал Қазақстан халқына татулық және бақ-береке  тіледі. 

 Испания Үкіметінің төрағасы Мариано Рахой  Үкіметтің және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

«Осы жаңа мандаттың кезінде біз елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыра алатынымызға сенімдімін. Испания үшін Қазақстан негізгі серіктес болып саналады. Сіздің елге менің 2013 жылы қыркүйекте жасаған соңғы сапарым стратегиялық қарым-қатынастарымызды нығайту мүмкіндіктері бар екеніне, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы жауапкершілігіне көз жеткізді, Испания бұған қолдау білдіреді», – делінген жеделхатта.

Соңында Испания Үкіметінің төрағасы Қазақстан Президентіне жоғары лауазымды қызметте табыс тіледі. 

Барлық жаңалықтар