- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Жеңіс үшін тағзым!» атты ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналып көрме өтуде
Астанада «Жеңіс үшін тағзым!» атты ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналып көрме өтуде
«Мәскеудегі Ұлы Отан соғысы орталық музейі «Нацизммен күресте біргеміз» атты халықаралық жобаны іске қосты. Бұл жобаға Кеңес одағының құрамына кірген елдер қатысуы керек еді. Қазақстан да аталмыш жобаға қатысты. Мәскеудегі көрме негізінде біз Астанада «Жеңіс үшін рақмет» көрмесін өткізуді ұйғардық. Біздің қызметкерлер ұлттық, республикалық, орталық мемлекеттік мұрағаттармен жұмыс істеді. Астананың мемлекеттік мұрағаты Қазақстанның ҰОС-қа қатысуы туралы мағлұматтарды ұсынды», - деді ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері Тоғжан Әділбекова.
Т.Әділбековтың сөзінше, жұмыстың негізгі бағыттарының бірі республиканың музейлерімен, нақтырақ айтқанда, Алматының Орталық мемлекеттік музейімен хат алмасу болды.
«Олар фотоқұжаттар мен баспасөз материалдарын ұсынды. Осы жерге қойылған материалдардың барлығы музей қызметкерлері тарапынан дайындалған және сіздер қазір материалдарды өз көздеріңізбен көресіздер»,-деді көрменің тұжырымдамасын құрастырушы.
Көрме екі бөлімде өткізілді. Бірінші бөлімде фотосуреттер, мұрағат құжаттары, «Қазақстан соғыс кезінде» атты қазақстандық дивизияның әскери жорығының картасы. Фотоқұжаттар көрмесінің бір бөлігі «1942-1943 жылдардағы Сталинград шайқасы» деп аталды. Екінші бөлімде соғыс батырларының жекелеген заттары, олардың хаттары мен медальдар, наградалары ҰОС ордендері қойылған.
Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қатысты.
Ботагөз Айтжанова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді