• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бес халықтық реформа - бұл қазақстандық ұлттың бірыңғай болашағына деген бес қадам - ҚХА

Бес халықтық реформа - бұл қазақстандық ұлттың бірыңғай болашағына деген бес қадам - ҚХА

5 Мамыр, 2015 08:36
Бес халықтық реформа - бұл ҚХА қазақстандық ұлтының бірыңғай болашағына деген бес қадам, деп есептейді БҚО кәріс этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА-ның мүшесі Максим Пак.

«Батыс Қазақстан облысының этно-мәдени бірлестіктері Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен және ұлықтау рәсімімен шын жүректен құттықтайды. Қазақстан халқы тағы бір рет өзінің ауызбіршілігін, мемлекет дамуына деген, бірыңғай бақытты Қазақстан қалыптастыруға деген көзқарасының бірлігін танытты. Біз Мемлекет басшысы көтерген бес институционалды реформа маңызды деген пікірдеміз. Бес халықтық реформа қазақстандық ұлттың бірыңғай болашағына деген бес қадам», -деді ол.

ҚХА мүшесі «ашық үкімет» тетігі арқылы жариялы мемлекет қалыптастыру, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін қысқарту, азаматтық қоғам өкілдерінің өміріміздің түрлі салалары бойынша маңызды шешімдер қабылдауда белсенділігін арттырады деп есептейді.  

Заңнама саласындағы кешенді шаралар мен өзін-өзі реттеу жүйесін кеңінен енгізу мемлекетімізді жаңғыртуға бағытталған. Біз Президент Н.Назарбаев жүргізіп отырған саясаттың арқасында мемлекетіміз өзінің жетістіктерін нығайта түсіп, әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан оран алуда үлкен жетістіктерге жететіндігіне сенімдіміз. Біз Мемлекет басшысының кез-келген бастамаларын қолдауға дайынбыз», - деді Максим Пак. 

 

Барлық жаңалықтар