• Басты
  • Жаңалықтар
  • Эстония Президенті Н.Назарбаевты Президент лауазымына сайлануымен құттықтады

Эстония Президенті Н.Назарбаевты Президент лауазымына сайлануымен құттықтады

4 Мамыр, 2015 16:21
Нұрсұлтан Назарбаевқа оның Қазақстан Президенті болып сайлануына байланысты Эстония Республикасының Президенті Тоомас Хендрик Ильвестің жолдаған құттықтау жеделхаты жетті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Т.Ильвес Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

«Қазақстан Еуропалық одақтың өңірдегі ең маңызды серіктесі болып саналады. Біз таяу болашақта ынтымақтастығымыз бұрынғыдан да беки түсетіні үшін қуаныштымыз. Сондай-ақ экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге үміттіміз, бұл біздің қарым-қатынастарымызды әрі қарай ілгерілетіп, тереңдетуге септігін тигізетін болады», – делінген жеделхатта. 

Барлық жаңалықтар