- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО ардагерлеріне «Ұлы Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық монеталары табысталды (Фото)
ШҚО ардагерлеріне «Ұлы Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық монеталары табысталды (Фото)
Өскемен қаласының этноауылындағы 109 Кеңес одағының батырына арналып салынған музей-қорығы кешенінде ұйымдастырылған шараға ҰОС ардагерлерімен бірге, үрмелі аспаптар оркестрі және белгілі 5518 әскери бөлімінің музыкалық тобы, 27943 әскери бөлімінің әскерилері мен әскерге шақырылушылар қатысты. Салтанатты жиында Өскемен қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма басшысы Әділет Сақауов ардагерлерге «Ұлы Жеңіске 70 жыл» мерейтойлық монеталарды табыс етті.
« Біз сіздерге бейбіт заман үшін мәңгілік қарыздармыз. Сіздердің баға жетпес ерліктеріңіз бен өрліктеріңіз әскер қатарына алынған әр сарбазға үлгі болары сөзсіз», – деген Ә. Сақауов әскер қатарына алынған болашақ сарбаздарға да сәттілік тіледі.
Шара барысында 27943 әскери бөлімінің барлау ротасының десанттары Қазақстан сарбаздарының мықтылығын танытты. Қарумен де, жекпе-жек ұрыста да жеңімпаз болып шығудың үлгісін көрсеткен сарбаздар көрермендерді шеберлігімен тәнті етті. Жиын соңында облыстық филармонияның сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген әртісі Вячеслав Ткач ардагерлерге арнап ән шырқады.
-
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
Елордада «Ұлық Ұлыс – Алтын Орда мемлекеті тарихы» кітабының тұсауы кесілді -
ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды -
ШҚО-ның дамуы: Білім саласы, ауыл шаруашылығы, ШОБ-ты қолдау шаралары, эпиджағдай туралы -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
«Birgemiz» қорынан 70 мыңнан астам отбасы атаулы көмек алды -
Абай175: Ұлы ақын туғaн өңiр туристік нысанға айналды -
Абай күні: Абай саябағы мен Құнанбай музейі қашан пайдалануға беріледі/ Музейге қандай жәдігерлер қойылады -
Түркістан қаласында 70 нысан пайдалануға беріледі -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО)