БҚО стансаларына автоматты басқару құрылғысы орнатылған

5 Мамыр, 2015 08:52

Батыс Қазақстан облысындағы жедел жәрдем қызметтерінің стансалары автоматты басқару жүйелері орнатылды. Оның көмегімен жұмыстың жеделділігін арттырып, шақырылған жерге жұмсалатын уақытты 30 пайызға қысқартуға болады, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.   

Компьютерлік бағдарламаның таныстырылымы Орал қаласынының жедел жәрдем стансасының базасында өтті. Осы жүйенің арқасында жедел, статистикалық және әкімшілік бөлімдердің қызметтері толықтай автоматтандырылды және жүйе арқылы мамандар жекелеген аудандар мен облыс орталығындағы жағдайда да зерделеп, бақылап отыра алады. Аталмыш жүйе аймақтың барлық стансаларына орнатылған.    

Хабарламадан мәлім болғанындай жедел жәрдем көмегін шақыруларды жедел бақылау мен көрсетілетін қызметтерді автоматтандырылған карталар арқылы қолдану медициналық көмекті сапасын арттырады. Бұған қоса, жедел қызмет барысындағы іс-қимылдардың барлығы жинақталып отырады.    

 

 

 

Барлық жаңалықтар