- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде «Жеңіс Ізбасарлары» көрмесі ашылды
ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде «Жеңіс Ізбасарлары» көрмесі ашылды
Салтанатты іс-шараның бағдарламасына № 17 мектеп-гимназиясының оқушыларының орындауындағы «Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат!» мюзиклі мен музей қорынан «Жеңіс Ізбасарлары» көрмесінің ашылуы енді, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігі.
Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі және Бейбітшіліктің бағасын ерекше түсінеді. Содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтті, дүниеге жаңа ұрпақ келді. Олар үшін Ұлы Отан Соғысы — алыста қалған тарих. Дегенмен, соғыста жанын бергендер мен басынан өткізгендер алдындағы ар-намыс пен міндет біздің мемлекетіміздің жылнамасындағы қайғылы ерлікке толы беттерді ұмытуға мүмкіндік бермеуі керек.
Қахарман қонақтардың құрметіне Музейдің мәдени-білім беру қызметі аясында серіктестерімен бірлесе отырып, Қазақстандық солдаттар — Кеңестік Одақтың батырлары: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, генерал-майор И. В. Панфилов бастаған 316-атқыштар дивизиясының батырларына арналған «Ұлы Жеңіс — ұрпаққа аманат!» мюзиклі дайындалды. Астана қаласы № 17 мектеп-гимназиясының оқушылары Ұлы Жеңіс тарихының беттерін парақтау барысында ерлік пен елдік, отансүйгіштік пен махаббатқа толы соғыстың отты жылдарын баяндайды.
«Жеңіс Ізбасарлары" атты Музей қорынан ұйымдастырылған көрмесінде сұрапыл соғыстың салқынын көрген, батырлық пен ерліктен жаралған рухының қаһармандық қасиеттері мен айбынды ардагерлердің даңқын айғақтайтын оқиғалардан бастау алады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар