Елбасы Астана және Алматы қалалары, облыс әкімдерін тағайындады

4 Мамыр, 2015 15:19
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына  сәйкес Елбасының  қаулысы бойынша:

Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков  –  Астана қаласының әкімі;

Ахметжан Смағұлұлы Есімов  –  Алматы қаласының әкімі;

Сергей Витальевич Кулагин –  Ақмола облысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов  –  Ақтөбе облысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов  –  Алматы облысының әкімі;

Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов  –  Атырау облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев  –  Батыс Қазақстан облысының әкімі;

Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев  –  Жамбыл облысының әкімі;

Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков  –  Қарағанды облысының әкімі;

Нұралы Мұстафаұлы Сәдуақасов  –  Қостанай облысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев  –  Қызылорда облысының әкімі;

Алик Серікұлы Айдарбаев  –  Маңғыстау облысының әкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов  –  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев  –  Павлодар облысының әкімі;

Ерік Хамзаұлы Сұлтанов  –  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов  –  Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Барлық жаңалықтар