• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы Н.Нығматулинді Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындады

Елбасы Н.Нығматулинді Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындады

4 Мамыр, 2015 15:03
Елбасы Н.Назарбаев «Н.З.Нығматулинді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын.

Айта кетейік, 26 сәуір күні Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтті. Қатысушылардың саны 95 пайызды құрады. Сайлаушылардың 97 пайызы өз дауыстарын Н.Назарбаевқа берді. 29 сәуір күні Президент салтанатты түрде ант берді. Елбасы қайта президенттік билік ету уақытына ие болды.

Конституцияға сәйкес, Президенттің лауазымына салтанатты қабылдануы барысында Астана және Алматы әкімдері, облыс әкімдері, ұйым басшылары мен Үкімет мүшелері, Президент әкімшілігінің жетекші құрамы өз құзыреттілігін тоқтатады. Сайланғанға дейінгі уақытта олар «міндетін атқарушы» қызметінде болады. Қазіргі таңда Нұрсұлтан Назарбаев министрлер кабинеті мен бірқатар әкімдерді мақұлдады.

 

Барлық жаңалықтар