- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжілісте қазақстандық-американдық қатынастардың әлеуеті сөз болды
Мәжілісте қазақстандық-американдық қатынастардың әлеуеті сөз болды
АҚШ дипломатын жаңа қызметімен құттықтаған Мәжіліс спикері дипломатың бұл қызметке тағайындалуы екі ел арасындағы саяси диалог пен өзара түсіністіктің нығаюына ықпал ететіндігіне сенім білдірді. Тараптар Қазақстанда өткен Президент сайлауына ерекше көңіл бөлді. Сайлаушылардың бұл сайлауда дауыс беру жағынан ең жоғары көрсеткіш көрсеткенін айта келе, бұл ел халқының Мемлекет басшысына көрсеткен ең үлкен қолдауы екендігін атап өтті. Өйткені Қазақстан халқы Президент жүргізіп отырған бағыттың жалғасуы үшін дауыс берді, олар бейбітшілік пен тұрақтылықты таңдады.
Өз кезегінде американдық дипломат сәтті өткен Президент сайлауымен құттықтап, оның нәтижесі Қазақстан халқының шын мәніндегі қалауын білдіретіндігін айтты.
Оның пікірінше, Қазақстан бүгінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді және Қазақстан Президентінің мемлекетті одан әрі дамыту бағытындағы жоспарлары АҚШ үшін де үлкен перспективалар ашып отыр.
Қабиболла Жақыпов қазақстандықтардың Нұрсұлтан Назарбаевқа деген шексіз қолдауы мен сайлаушылардың жоғары белсенділігін алға тарта келіп, Қазақстан халқы Елбасының саяси бағытын жалғастыруға, бейбітшілік пен тұрақтылыққа дауыс бергенін атап өтті.
Елші өз кезегінде қазақстандықтарды халықтың шынайы тілегін жеткізген сайлаудың табысты өтуімен құттықтап, одан әрі Қазақстанның бүгінгі күні таңқаларлық жетістіктерге қол жеткізгенін, Президент жоспарының біздің еліміз үшін дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашатынын жеткізді.Тараптар Елбасы бастамашы болған 5 институционалдық реформаның маңыздылығына тоқталды. Мәжіліс Төрағасының атап өткеніндей, оны кезең-кезеңмен жүзеге асыруды Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия қолға алады.
Қабиболла Жақыпов пен Джордж Крол қос мемлекеттің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда, технология және инновация бағыттарында, сондай-ақ, парламентаралық ынтымақтастықты күшейту әлеуетінің зор екендігін сөз етіп, қазақстандық-американдық қарым-қатынастың стратегиялық сипатына назар аударды.
Мәжіліс Спикері елшіні Қазақстанда «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол» аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды бағдарламалардан хабардар етті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасалған кезде ғана материалдарды кез-келген түрде пайдалануға жол беріледі
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Президент тапсырмасы: Спорт және балалардың шығармашылық әлеуетін қолдау бойынша қандай іс-шаралар іске асты -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Қазақстан мен Қырғызстан президенттері баспасөз мәслихатын өткізді -
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды -
Қазақстанның кеден бекеттерінде 2021 жылы қандай өзгерістер болды -
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды