• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта үшінші елдерге қатысты демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері туралы заң жобалары қаралды

Сенатта үшінші елдерге қатысты демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері туралы заң жобалары қаралды

4 Мамыр, 2015 16:38
Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» заң жобасын қарады, деп хабарлады Сенатттың баспасөз қызметі.

Заң жобасы үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларының қолданылуын реттеу мақсатында әзірленген.   

Заң жобасында арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану саласындағы бірыңғай сауда саясатын қалыптастыруға бағытталған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес ұлттық заңнама нормалары біріздендіріледі, сондай-ақ отандық заңнама нормаларын Дүниежүзілік сауда ұйымының талаптарына сәйкес келтіру көзделеді, бұл Қазақстан Республикасының осы ұйымға қосылу процесіне ықпал ететін болады.

Атап айтқанда заң жобасында мыналар көзделеді:арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданудың жалпы қағидаттары; арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексеру жүргізуге өтініштер беру шарттарын өзгерту;

Еуразиялық экономикалық комиссияның құрылымында тергеп-тексеру  жүргізетін  органның  тергеп-тексеру  жүргізу тәртібі;

ДСҰ келісімдеріне сәйкес тергеп-тексеру жүргізу рәсімін регламенттеу;

ЕЭК-тің арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын енгізу туралы шешімдер қабылдауы;

Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары мен ЕЭК-тің тергеп-тексеру жүргізетін органы арасындағы өзара іс-қимыл.

Заң жобасын қабылдау сауда шараларын қолдану саласындағы нормативтік құқықтық реттеудің қазіргі бар олқылықтарын жою арқылы ішкі нарықты тауарлардың экономикаға залал келтіретін өскен импортынан қорғау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Комитет отырысында «Қазақстан  Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үшінші елдерге  қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Құқықтық олқылықтарды жою мақсатында заң жобасымен Қазақстан  Республикасының   кодекстеріне және заңдарына «Үшінші  елдерге  қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары туралы» Заң жобасымен көзделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мемлекеттік органдардың, басқа мемлекеттік органдардан алынған ұлттық органдардан жоғары тұратын органдармен және халықаралық ұйымдармен құпия ақпаратпен алмасу/оны беру мәселелерін реттеу ұсынылады.

Заң жобасын қабылдау ұлттық заңнама нормаларын Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың шеңберіндегі шарттық-құқықтық базаны қалыптастыратын, қол қойылған және ратификацияланған халықаралық келісімдермен сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

 

Барлық жаңалықтар