- Басты
- Жаңалықтар
- «Шелл» концернінің директоры Н.Назарбаевқа компанияның Қазақстандағы қызметі туралы баяндады
«Шелл» концернінің директоры Н.Назарбаевқа компанияның Қазақстандағы қызметі туралы баяндады
Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы жұмысы және еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қатысуы мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ ынтымақтастықтың түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселесін қамтитын перспективалы бағыттары да сөз болды. Тараптар өзара іс-қимыл аясын одан әрі жандандыру мен кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан Президенті компания қызметіндегі өзгерістерге, оның «Би Джи Групп» компаниясымен бірігуі жоспарланып отырғанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан экономикасындағы ірі инвестордың бірі ретінде «Шелл» Қашаған кенішін игеру жобасында маңызды рөл атқаратынын айтты.
Мемлекет басшысы компанияның міндеттемелеріне өзгерістер оң ықпал етеді деп үміттенетінін жеткізді.
Б.Берден Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, бұл сайлау ел үшін ғана емес, шетелдік инвесторлар үшін де тұрақтылықтың айғағы болып саналатынын айтты.
Сонымен қатар, «Шелл» концернінің атқарушы директоры Мемлекет басшысының былтыр Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу үшін Нидерландқа сапарлап барғанында оған «Президент Назарбаев» деп аталған қызғалдақтың жаңа сорты таныстырылғанын еске салды. Соған орай Б.Берден Нұрсұлтан Назарбаевқа Голландиядан әкелінген осы сорттың жаңа кесілген гүлін сыйлады.
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы