- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында «Біздің күшіміз - бірлікте!» халықаралық фестивалі өтті
Ақтөбе облысында «Біздің күшіміз - бірлікте!» халықаралық фестивалі өтті
Оған Мәртөк ауданының музыкалық және би ұжымдарымен қатар Ресей Федерациясының Орынбор облысының өкілдері - Қуандық ауданынан «Родничок» ардагерлер халық хоры және Ақбұлақ ауданынан «Садко» және «Хорошее настроение» вокалдық топтары қатысты. Жергілікті Достық үйінің этномәдени бірлестіктері де үлкен концерттік бағдарлама әзірледі.
Шара «Достық» хореографиялық композициясымен ашылды. Ауыл тұрғындары мен қонақтарға Мәртөк ауданының 8 этномәдени бірлестіктері, сондай-ақ көршілес ақбұлақтықтар сәндік-қолданбалы қолөнер бұйымдары көрмесін ұсынды. Достық үйі алдындағы этноқалашықта ұлттық киім киген шара қожайындары киіз үйлерде дастархан жайып, хош иісті шаймен және бауырсақтармен қонақтарға меймандостық көрсетті.
Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай өткен салтанатты шарада жиналғандарды Мәртөк ауданының әкімі Нұржауған Қалауов, Ақбұлақ ауданы әкімшілігі басшысының орынбасары Галина Чашкова, Қуандық аудандық депутаттар кеңесінің төрағасы Александр Губанов құттықтау сөз сөйледі. Олар Қазақстанда ұлысаралық диалогтың өзіндік моделі құрылғанын және оның халықаралық деңгейде қолдауға ие болып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар қазақстандық біртұтас шаңырақ астына жиналған барлық ұлттар мен ұлыстар өкілдеріне достық тіні берік болып, бейбітшілік пен бірлік жолында жаңа табыстарға жетулеріне ізгі тілектер айтылды.
Мерекелік шаралар жылы шырайлы рәуіште көрермендердің ыстық ықыласымен және қолдауымен өтті. Мереке қонақтардың қатысуымен волейболшылардың жолдастық кездесуімен аяқталды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда