- Басты
- Жаңалықтар
- Жеңіс парадында авиаторлар әуеде 70 санын тізеді (Фото)
Жеңіс парадында авиаторлар әуеде 70 санын тізеді (Фото)
Әскери ұшқыштар жеке және пилотажды топ құрамында жоғарғы пилотаж фигураларын орындап, өз шеберліктерін көрсетпек. Авиаторлар ұлы жеңістің мерейтойын айғақтайтын «70» санын әуеде көрсетіп көрермендерге сый жасайды.
7 мамыр күні Астана аспаны астында қазақстандық ӘӘК қаруының бір бөлігі болып саналатын 70 авиациялық техника әуеге көтеріледі. Бұлар майдандық, әскери-көліктік және армия авиациясының Су-25, Су-27, Су-30, МиГ-29, МиГ-31, МиГ-27, Ан-26, Ан-72, Ту-134, Ту-154, С-295 (Airbase Military) ұшақтары, сондай-ақ Ми-8, Ми-17, Ми-171, Ми-26, К-32 және ЕС-145 (Еврокоптер) тікұшақтары.
Бұдан өзге парадқа ҚР Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет қазақстандық Әскери-әуе күштерінің сапын толықтырған жаңа жоғарғы маневрлі Су-30СМ жойғыш ұшағы қатысатын болады. Алдағы парад – біздің болашағымыз үшін, бейбітшілік пен бостандық үшін күрескен батыр ата-бабаларымызға құрмет, сондай-ақ бүгінде ел қорғаны болып табылатын қазақстандық армияның жауынгерлік күш-қуатын көрсетеді.
Ертең 5 мамыр күні Астанадағы айтулы әскери парадтың бас репетициясы өтетін атап өткен жөн. Ауқымды шеруге 5 000-нан аса әскери қызметші, 220 бірлік заманауи қару-жарақ пен әскери техника, сонымен бірге 70 бірлік қазіргі заманғы авиация техникасы тартылады. Сонымен бірге мұнда қазіргі заманғы ҚР Қарулы Күштерімен бірге Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі армия мен қару түрлері көрсетілмек.
-
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті
-
Жеңіс күні: Qaharman1945.kz порталы іске қосылды -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
2021 жылдың бірінші тоқсанында 683 мыңнан астам адам АӘК алды -
COVID-19: Жаңа штамдардың таралуы, жұқтырғандар санының артуы және вакцинациялау шаралары -
Қазақстан бірқатар мемлекетке рейстер санын арттырмақ -
ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды -
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі» -
Өңірлердегі жаппай газдандыру Қарағандының көмір өндірісіне әсер еткен жоқ – әкім -
«Birgemiz» қорынан 70 мыңнан астам отбасы атаулы көмек алды