• Басты
  • Жаңалықтар
  • Еліміз үшін Президенттің 5 институционалды реформасын тиімді жүзеге асыру өте маңызды - Қазақстанның жоғарғы оқу орындары қауымдастығы

Еліміз үшін Президенттің 5 институционалды реформасын тиімді жүзеге асыру өте маңызды - Қазақстанның жоғарғы оқу орындары қауымдастығы

4 Мамыр, 2015 12:09
Бүгінде еліміз дамудың жаңа кезеңінің алдында тұрғанда Елбасының 5 институционалды реформасын тиімді жүзеге асыру өте маңызды, деп есептейді Қазақстанның жоғарғы оқу орындары қауымдастығының өкілдері.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Қазақстанның жоғарғы оқу орындары қауымдастығы Сізді Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне ресми түрде кірісуіңізбен құттықтайды! Бұл күн Қазақстанның заманауи тарихына енеді. Бүгінде біздің еліміз дамудың жаңа кезеңінің алдында тұр, осы ретте маңыздылығын Өзіңіз ескерткен 5 институционалды реформаны тиімді жүзеге асыру аса маңызды. Құрмет көрсету рәсімінде сөйлеген сөзіңізде халықтық реформаларға бастау бердіңіз, олар барлығымыз үшін заманауи мемлекетті құрудағы негізгі құрамдас бөлік», - делінген хабарламада.

Аталып өткендей, ортақ болашақтың халқын құру саясаты қазақстандық қоғамды өзінің Ұлт көшбасшысының жаңына көбірек топтастырады.

Құқықтық басымдылық, мемлекеттік дәстүр, қазақстандық құндылықтар сынды жалпыұлттық идеалдарды дамыту қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеуге мүмкіндік береді, олар үшін Сіз атап өткендей, мемлекет мүддесі этностық әдет үлгісіне қарағанда маңызды болады. 

Қазақстан азаматтары үшін ешқандай шектеусіз әлеуметтік тиімді қолдау шараларын жасақтау аса маңызды.

Бұл жастар үшін қосымша тірек.

«Сіздің үш тілділікті дамыту туралы ұсынысыңызды да жастар толығымен қолдап отыр. Жастар бұл еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің, жаһандық әлемдегі табыстылығының көрінісі екенін түсінеді. Біздің есептеуімізше, сіздің Нұрсұлтан Әбішұлының алға тартқан 5 институционалды реформасын жүзеге асыру жастардың әлеуетін барынша  көрсетуге жағдай жасайды», - деп хабарламада баса айтылған.

Барлық жаңалықтар