• Басты
  • Жаңалықтар
  • Елбасы Астанада генерал И.Панфиловқа арналған ескерткіштің ашылуына қатысады

Елбасы Астанада генерал И.Панфиловқа арналған ескерткіштің ашылуына қатысады

4 Мамыр, 2015 10:03
7 мамыр күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада генерал И.Панфиловқа арналған ескерткіштің ашылуына қатысады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

5 мамыр күні Елбасы Еуропалық комиссияның экс-президенті Ж.Баррозумен кездеседі деп жоспарлануда.

6 мамыр күні Ақордада мемлекеттік сыйлықтар мен әскери және арнайы марапаттар тапсырылады. Осы күні Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтеді.

7 мамыр Астанада әскери парад өтеді. Елбасы генерал  И.Панфиловқа арналған ескерткіштің ашылуына қатысады. Қазақстанға ресми сапармен келетін ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіледі деп күтілуде. 

8 мамыр Нұрсұлтан Назарбаев «Отан қорғаушылар» монументіне  гүл қою рәсіміне қатысады. Осы күні Елбасы  ТМД елдерінің басшыларымен бейресми кездесу  үшін барады, сондай-ақ, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады.

9 мамыр күні Елбасы Мәскеу қаласында  Жеңіс күніне арналған шапаға қатысады. 

Барлық жаңалықтар