• Басты
  • Алматы қаласының ТЖД қызметкерлері ардагерлерді құттықтады
4 Мамыр, 2015 12:54

Алматы қаласының ТЖД қызметкерлері ардагерлерді құттықтады

Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасы Медицина орталығында ем-дом қабылдап жатқан ардагерлердің хал-жағдайларын Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері біліп қайтты, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.
Алматы қаласының  ТЖД қызметкерлері ардагерлерді құттықтады

Гирш Леонид Юзефович ҰОС белсенді қатысушыларының бірі болып табылады. Ол 17 жасында майданда болған. Қызмет барысында үш рет жарақат алған. 2-ші Украин майданының, 5 гвардиялық танкі әскер бригадасының, 5 гвардиялық Зимовниковский механикаландырылған корпусының, 24 гвардия танк бригадасының құрамында Украинаны азат етуде, Белгород-Харьков операцияларында, сонымен қатар Курск доғасындағы шайқаста соғысты. Польша, Германия, Чехословакия аумақтарындағы шайқастарға қатысқан.

Сонымен қатар 1-ші Украин майданының, 4 гвардиялық танкі әскерінің Суворов және Б. Хмельницкий орденді танк бригадасының 5 гвардиялық Зимовниковский механикаландырылған корпусының, 24 гвардия танк бригадасының құрамында байланыс офицері қызметінде Берлин және Прага шабуыл операцияларында, сонымен қатар Берлин және Праганы азат етуге  тікелей қатысты.

 Гирш Леонид Юзефович 1995 жылдан бері Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі болып табылады. Биылғы жылы Ассамблея 20 жылдық мерейтойын атап өтуде. Салтанатты отырыста Ассамблея мүшелерінің шешімімен, Ассамблеяның ақсақалы және ҰОС жалғыз ардагері Гирш Леонидке, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мерейтойлы медалін Қазақстан Республикасының Президентіне табыстау тапсырылды.

Сонымен қатар Леонид Юзефович өзінің егде тартқан жасына қарамастан күнде таңертеңгісін жүгіруге шығады. Бірақ 2 сәуірде аяғын жарақаттап алады, соған қарамастан ол салтанатты отырысқа ұшып барып, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мерейтойлы медалін Қазақстан Республикасының Президентіне үлкен абыроймен табыстайды.

Осы кісінің қасында біздің Бекболатов Талғат Кәрімұлы деген ардагеріміз де ем қабылдап жатыр. Ол 19 жасында майданға аттанған. 1943 жылғы 1 қазанда 318 гвардиялық полк,  кейін 110 гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамындағы екінші Украиндық майдан құрамында Днепрді кесіп өтіп, оң жағалаудағы дивизияға құрамында болған.  Кременчуг ауылындағы шабуылға қатысып, сол жерде жарақат алған. 1945 жылғы 18 қараша мен 1977 жылғы 31 шілде аралығында АҚ ЖДАҚ қызметінде жұмыс атқарған. Соңғы рет республиканың АҚ Штабының шұғыл әрекет ету бөлімінің топ бастығы қызметін атқарады.

Талғат Кәрімұлы да ҰОС белсенді қатысушыларының бірі. Әлі күнге дейін мақалалар жазып, спортпен айналысып, мазмұнды өмір сүріп келеді. Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері көңілін сұрай барғанда, ол кісіні палатасынан емес,  ЕДШ (емдік дене шынықтыру) бөлімінен тапты. Біздің ардагер  күш-қуатқа бай екен.

Гирш Леонид Юзефович пен Бекболатов Талғат Кәрімұлы Алматы қаласы ТЖД қызметкерлерінің қандай себеппен болса да көңілдерін сұрай келіп, сыйластық танытып жатқандарына ризашылықтарын білдіріп, мол алғыстарын айтты. Сонымен қатар Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері мүмкіндікті пайдалана отырып, ардагерлерді келе жатқан мерекелермен құттықтап, сыйлықтарын табыстай отырып, ардагерлердің тез сауығып кетулеріне тілек білдірді, себебі біздің барлығымызды алдымызда «Жеңістің 70 жылдық» үлкен мерейтойы күтіп тұр.

 

Барлық жаңалықтар