• Басты
  • Жаңалықтар
  • Президенттің 5 реформасы экономикалық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді – Халиков

Президенттің 5 реформасы экономикалық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді – Халиков

4 Мамыр, 2015 10:21
Президенттің 5 реформасы экономикалық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді, деді Жамбыл облысының «Айнұры» «Татар-башқұрт этномәдени ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әмір Халиков.

«Шын жүректен Н.Назарбаевты кезектен тыс сайлаудағы жеңісімен құттықтаймын. Біз Н.Назарбаевтың төрағалығымен қуатты елге айналатындығымыз ақиқат. Қазақстандық  келісім мен бейбітшілік  моделі өзге елдерге үлгі боларлықтай. Толеранттылық пен бірлік  Мәңгілік ел жалпыұлттық идеясының  басты құндылығы», - деді ол.

Оның айтуынша, Президенттің 5 халықтық реформасы заманауи сын-қатерлерге жауап ретінде қолданылады, сондай-ақ, экономиканы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

«ТМД елдері ішінде Қазақстан өмір сүрудің жаңа деңгейіне шықты, мемлекеттік қызмет көрсету, инвестициялық ахуал және  әкімшілік аппараттың  әкімшілік реформаларын жасау  бойынша мойындалды. Елбасының «алдымен экономика, сосын саясат»  саясаты арқасында тиімді даму үстіндеміз», - деді  Ә.Халиков.

«Елбасы атап өткендей, меморгандар мен әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру қажет. Сондай-ақ, азаматтық қоғамды өңірлік деңгейдегі бюджеттеу үдерісіне қосу қажет», - деді ол.

 

Барлық жаңалықтар