• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақмола облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған интеллектуалды байқау өтті (ФОТО)

Ақмола облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған интеллектуалды байқау өтті (ФОТО)

4 Мамыр, 2015 11:09
Ақмола облысында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Жайдарлы Жас Ұлан» атты интеллектуалды байқау өтті, деп хабарлайды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».

«Жобаның мақсаты өскелең ұрпақты патриотық рухта тәрбиелеп, олардың шығармашылық, интеллектуалдық деңгейін көтеру»,-делінген хабарламада.

Шараға Ақкөл, Астрахань, Атбасар, Бұланды, Есіл, Ерейментау, Еңбекшілдер, Целиноград аудандары мен Степногорск қаласынан 11 команда қатысты. Өзін өзі таныстыру мен үй тапсырмасы сияқты екі кезеңнен тұратын байқауда 1-ші орынды Степногорск қаласының С.Сейфулин атындағы  № 5  көпсалалы мектеп-лицейінің «5-ші элемент» командасы жеңіп алды. Екінші орынды Целиноград ауданының  № 2 Қосшы орта мектебінің «Шашы ұзын жігіттер» командасы жеңіп алса, 3 орынға Атбасар ауданының Мартынов орта  мектебінің «Ұнамаса қарама» атты командасы қол жеткізді.

Жеңімпаздар дипломдармен, байқаудың кубогімен және өзге де құнды сыйлықтармен марапатталды. Байқауда бірінші орынды жеңіп алған «5-ші элемент» командасы Ақмола облысының намысын «Жайдарлы Жас Ұлан» атты байқаудың республикалық кезеңінде қорғайды.

 

 

Барлық жаңалықтар