• Басты
  • Жаңалықтар
  • Неміс саясаткерлері Қазақстанмен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруда – ҚР СІМ

Неміс саясаткерлері Қазақстанмен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруда – ҚР СІМ

4 Мамыр, 2015 09:46
Қазақстанның Германиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Солтүстік Рейн-Вестфалия федералдық жеріне жұмыс сапары аясында Германияның бұрынғы Вице-канцлері және Сыртқы істер министрі Ханс-Дитрих Геншермен, Федерация, ЕО және БАҚ мәселелері жөніндегі министрі Анжелика Шваль-Дюренмен және Сауда-өнеркәсіптік палатасының Президенті Вернер Герегпен кездесіп, екіжақты көліссөздер өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ.

Бонн қаласында Х.-Д. Геншер Нұрсұлтан Назарбаевтың кезектен тыс президенттік сайлауындағы жеңісі туралы ақпаратты зор қуанышпен қабылдағанын атап өтті. Неміс саясаткері Қазақстандағы ұлтаралық келісімді, экономикалық жетістіктерді және халық әл-ауқатының жақсаруын қамтамасыз етуде ҚР Президентінің жеке үлесін жоғары бағалап, оның жаһандық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағыталған бастамаларын ерекше атап өтті.

Осының мәнмәтінінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыздану және оны таратпау үдірісіне қосқан үлесін ерекше бағалады. Германия сыртқы саясатының ақсақалы Х.-Д. Геншер Елбасына институционалдық реформаларды жемісті іске асыруда, сыртқы саясат саласы бойынша белгіленген мақсаттарға қол жеткізуде өзінің тілегін білдірді. Белгілі неміс саясаткері «Президент Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның үлкен және бақытты келешегі бар екендігіне сенетіндігін» жеткізді.

Дюссельдорфта Федерация, ЕО және БАҚ мәселелері жөніндегі министр А. Шваль-Дюренмен кездесу барысында Қазақстан мен Солтүстік Рейн-Вестфалия арасындағы екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынасты жетілдіру мәселелері талқыланды. Неміс тарапы Қазақстандағы «жасыл экономика» саласындағы жобаларды жүзеге асыруда неміс компанияларын белсенді қатыстыру мүмкіндіктерінің мыңыздылығына, көлік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуға және дуалдық білімнің неміс үлгісін еңгізуге ерекше қызығушылық танытты. Неміс министрі Қазақстанды елдің Президентінің қайта сайлануына орай шын жүректен құттықтап, өрлеужәнеөркендеужолындаүлкен табыстар тіледі.

Кельндегі Сауда-өнеркәсіптік палатасының Президенті В. Герегпен кездесу барысында неміс тарапы ҚР инвестициялық мүмкіндіктерімен, «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жаңа экономикалық саясатымен және «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме шегіндегі ынтымақтастықтың мүмкіндіктерімен таныстырылды. Аймақтың үлкен технологиялық әлеуетін ескере отырып, СӨП Басқармасы Қазақстанның индустриаландыру үдірісіне жергілікті фирмаларын қатыстыру және алдыңғы қатардағы неміс технологияларын Қазақстанда енгізу жөніндегі жоспарлары туралы мәлім етті. Ү.ж. маусым айында Кельндегі ҚР Экономика күнін ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Солтүстік Рейн-Вестфалия өңірі – Германияның өндірістік және жаңа заман технологиялар орталығы. Германияның 100 ірі үлкен неміс фирмаларының 44-і осы федералдық жерде орналасқан. Мұнда машина жасау, химиялық өнеркәсіп, металл өндеу, көмір өндіру, энергетика және т.б. салалары дамыған. Өңір Германияның жалпы ЖІО-не 24% беріп, халықтың саны бойынша ең үлкен федералдық жер болып табылады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар